Қазақстан • 09 Тамыз, 2018

Ішкі істер органдары­ қызметкерлерінің арасында үздік мамандар анықталды

727 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында Ішкі істер органдары­ ақ­па­раттық-аналитикалық бөлініс қызметкерлерінің арасында «Үздік маман» байқауы мәресіне жетті.

 

Ішкі істер органдары­ қызметкерлерінің арасында үздік мамандар анықталды

«Үздік маман» байқауының негізгі мақсаты – ақпараттық-аналитикалық бөлініс қызмет­керлерінің кәсіби шеберлігін шыңдау, тәжірибе алмасу, олар­дың қызметтегі тиімділігін арттыру болып табылады.

Аталған шараға облыстық Ішкі істер департаменттері бо­йынша үздік деп танылған 17 қызметкер қатысты.

Байқаудың алғашқы күні по­лиция қызметкерлері экс­тремалды жағдайда дайын­дықтарын тексеру үшін атыс, дене дайындығы және күрестің жауынгерлік тәсілдері бойынша сынақтан өтті. Сонымен қатар олардың функционалдық міндеттеріне қатысты пра­к­тикалық тапсырмалар берілді.

Екінші күні байқау қа­ты­сушылары Қазақстан Рес­пуб­ликасының заңнамаларын және ішкі істер органдарының қызметін реттейтін басқа да құқықтық актілерді меңгеруі бойын­ша тестілеуден өтті.

Жарыстың қорытындысы бойынша Жамбыл облысы ІІД-нің инспекторы Жансая Аб­­драемова «Үздік маман»­ атанды. Ал қалған орындарды қарағандылық Татьяна Бере­зниц­кая мен қостанайлық Наталья Цой өзара бөлісті. Жеңім­­паздарға естелік сый­лық­­тар мен мадақтау қағаздары табыс етілді.