Футбол • 09 Тамыз, 2018

Самат Смақов қоштасу матчын Ақтөбеде өткізеді

314 реткөрсетілді

Еліміздің танымал футболшысы Самат Смақов өзінің қоштасу матчын 2 қыркүйекте Ақтөбеде өткізеді. «Ақтөбенің» ардагерлері» және «Смақовтың достары» деп аталатын бәсекеде Қазақстанның және бірқатар шет мемлекеттердің ойыншылары өнер көрсетеді.

Семей өңірінің тумасы отандық футбол тарихында өзіндік қолтаңба қалдырғаны даусыз. Ол 1997-2018 жылдар аралығында «Елімай» (Семей), «Ертіс» (Павлодар), Ростсельмаш (Дондағы Ростов), «Жеңіс» (Астана), «Қайрат» (Алматы), «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Ризеспор» (Түркия), «Ордабасы» (Шымкент) клубтарында өнер көрсетті. Өзі қорғаушы бола тұра талай матчтарда маңызды голдар соқты.  

Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында Смақов 76 рет жасыл алаңға шықты. Ел біріншілігінде 6 рет ел чемпиондық атаққа қол жеткізіп, тағы 5 рет жүлдегер санатына қосылды. 2004, 2007, 2008 және 2009 жылдары Қазақстанның ең үздік футболшысы атанды. 2013 жылы Түркияның бірінші лигасының ең үздік қорғаушысы деген мәртебелі атақты иеленді. Міне, енді сол 39 жастағы серке ойыншы үлкен спортпен қош айтысуға бел буды. 

Ақтөбеде өтетін Самат Смақовтың қоштасу матчында Руслан Балтиев, Нұрбол Жұмасқалиев, Әлібек Бөлешев, Мұрат Тілешев, Андрей Мирошниченко, Эмиль Кенжесариев, Андрей Финонченко, Малик Мане, Тити Эссомба, Евгений Ловчев, Андрей Сидельников, Андрей Богомолов, Марат Хайруллин, Жасұр Нарзықұлов, Александр Митрофанов, Андрей Лаврик, Қайрат Әшірбеков, Андрей Морев, Сергей Струков, Виталий Кицак, Дмитрий Юрист және тағы басқа танымал теңбіл доп шеберлері жасыл алаңға шығады деп күтілуде.

Аталмыш бәсекенің билет құны 300 теңгені құрайды. Бұл ойыннан түскен қаражат түгелдей қайырымдылық шараларына жұмсалады.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Кей өңірлерде ауа-райы өзгереді

Аймақтар • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы

Руханият • 12 Қазан, 2019

Сенаторлар сенбілікке шықты

Қазақстан • 12 Қазан, 2019

Оралда «LATYN FEST» жастар форумы өтті

Аймақтар • 11 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар