22 Желтоқсан, 2011

Әділеттіктер мәлімдеме қабылдады

350 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше «Әділет» демократиялық партия­сы «Қазақстан Республикасы жұртшылы­ғын жұмыспен қамту және табыс саясаты» атты тақырыпқа арналған баспасөз мәс­ли­ха­тын өткізді. Партия серкелері Жаңа­өзен­дегі жағдайды тағы бір ой елегінен өткізе келе, «Қазақстан Республикасы жұртшы­лығының табыс және жұмыспен қамту саясаты туралы» мәлімдемесін жариялады. Басқосуда «Әділет» партиясы төраға­сының бірінші орынбасары Төлеген Сыдық партия қызметінің басты бағыттарының біріне қарапайым адамдардың мүдделерін қоятынын, сондықтан, оның идеялық негізі әлеуметтік әділдік, еркіндік және ынты­мақ­тастық бағдарламасы болып табылатынын алға тартты. – Әділет» партиясы осы жасап отырған мәлімдемесі арқылы халық пен үкіметтің арасында күрделі тұрған мәселе – республика жұртшылығын жұмыспен қамтуда өз көзқарас, ой-пікірлерін білдіріп отыр», – деді Төлеген Сейдомарұлы. – Өйткені, бұл мәселенің қаншалықты күрделілігі біздің қоғамға да, адамның болашағының дамуы­на да әсер етпек. Сондықтан, бұл мәселеге қашанда бұған дейінгі саяси отырыстары­мыз­да баса көңіл бөліп келеміз. Ал бүгін­гідей сайлау науқаны барысында да мұндай әлеуметтік жағдайларды шешіп алмай, қандай да жетістіктер, толағай табыстарға қол жеткізудің қиынға соғатынын алға тартып отырмыз. Егер біз осы мақсат-мүддемізбен Парламентке өтсек, ондағы басты міндетіміз, әлеуметтік дамудың әдіс­терін, саясатын өзгертуге күш салу болады. Өйткені, әлеуметтік саясатты орнық­тыр­май, бүгінгі көтеріліп отырған мәселелерді шеше алмаймыз. Міне, осы ретте, партия өз мәлімде­ме­ле­рінде ұзақ мерзімге арналған басым­дық­тарды ұсынып отыр. Оларда бірқатар әлеуметтік мәселелер қамтылған.  Ал мәс­лихатта сөз алған партия мүшелері: «Маң­ғыс­тау облысындағы Жаңаөзен қаласы тұр­ғындарының негізгі нәпақасы – «қара ал­тын­нан». Балалар мен зейнеткерлерді есепке алмағанда, жұмысшылардың басым бө­лігі – мұнайшылар. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ. АЛМАТЫ.