22 Желтоқсан, 2011

ENRC 300 млн. теңге бөлді

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Туған еліміз бен өзімізді зорлық-зом­бы­лықтан, арандату мен опасыздық әрекет­тер­ден сақтандыру. Қазақстан хал­қы­ның өркен­деуіне, еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің нығая түсуіне негіз болған Қазақстан Респуб­лика­сы­ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың көреген стратегия­сын қолдау». Жаңаөзен қаласы мен Шетпе станса­сында болған тәртіпсіздік әрекеттеріне қа­тысты ENRC корпорациясының кәсіп­орын­дарында өт­кізілген басқосулардың басты сарыны осын­дай болды. Еліміздің төрт өнеркәсіптік өңірлерінде (Павлодар, Қостанай, Ақтөбе және Қарағанды об­лыстарында) осы күндері корпорацияның 17 мың қызметкері осындай тәртіпсіздік жөнінде өз наразылығын білдіру және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қыз­мет­кер­лерінің үндеуін қолдау үшін жиналуда. Қазақстан Республикасы Тәуелсіз­дігі­нің 20 жылдық мерейтойында Жаңаөзен қаласында орын алған оқиғалар қазақ­стан­дық әлеуметті өзінің мағынасыз әрі қай­ғы­лы болмысымен дүр сілкіндірді. Өзінің же­ке амбициясын қанағаттандыру үшін адам өмірін құрбан етуге ешкім құқылы емес. «Тәртіпсіздіктен зардап шеккендердің бар­лық туыстары мен жақындарына көңіл ай­тамыз. ENRC корпорациясы зардап шек­кен­дерге көмек көрсету қорына 300 млн. теңге қаражат бағыттайды», – деді ENRC PLC бас атқарушы директоры Феликс Вулис. ENRC кәсіпорындарындағы тұрақты­лық жұмысшылар мен олардың отбасы­ларының болашаққа деген сенімінің дәле­лі болып табылады. Бүгін бізге ең бастысы – ертеңгі күнге сену, арандатушылық әре­кеттерге берілмеу. Ел Тәуелсіздігінің ең басты құн­ды­лы­ғы – бейбітшілік пен келісімді сақтау қажет, дейді ұжым мүшелері. «Егемен-ақпарат». ПАВЛОДАР.