22 Желтоқсан, 2011

Инновациялық жобалар – өркендеу кепілі

372 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Әлемдік өркениеттің кө­шінде көшбастаушы елдер қатарына лайықты кіріге ал­ған Қазақстан табиғи бай­лыққа да, дарынды ұрпаққа да кенде емес. Елінің келешегін алыстан ойлап, те­рең­нен пішетін ке­мең­гер тұл­­­ғаның бірі – Тұң­ғыш Президентіміз Нұр­сұл­тан На­зарбаев. Тәуел­сіздік жыл­да­рын­да бұған көзіміз анық жетті. Көзді ашып-жұмғандай өте шық­қан осынау мерзімде ел эко­номикасы өркендеді, ха­лық­тың әлеуметтік тұрмысы жақсарды. Бір кездері ұмы­тыла бастаған ана тіліміз мемлекеттік деңгейге көте­ріл­ді. Жас ұрпақ түгілі аға буынның оқуына тыйым салынған тарихымыздың ақтаңдақ беттері ашылды. Айта берсек, Тәуелсіздіктің 20 жылында қол жеткен жетістігімізге де, шыққан биігімізге де жаһан жұрты тамсана қарайтын болды. Тәуелсіз Қазақстанның әлемдегі жұлдызы жарық, абыройы биік болғанын қалайтын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еншімізге бұйыр­ған ерен бақытқа малданып, бір орында тұрып қалмаудың қажеттілігін ұдайы айтып келеді. Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығына арналған мерейтой салтанатында бұған және бір рет тоқталып өтті. Елбасы өз баяндамасында Қазақстан­ның келешектегі дамуы индустрия мен инновацияға тікелей байланысты екенімен өрбітуі өте орынды. Өйткені, Жапония мен Оңтүстік Корея, Қытай мен Малайзия, Германия мен Италия, Франция және АҚШ секілді көптеген елдердің өркендеу ерекшелігіне назар аудар­сақ, бірінші кезекте ин­новация­лық жобаларды іске асыру арқылы индустрия­ландыру үдерісін бастағаны даусыз. Ал Қазақстанның екпіні әлемдегі ешбір елден кем емес. Біздің дарынды ғалым­дарымыздың ғылыми әлеуеті де жоғары екенін білеміз. Халықаралық «Болашақ» бағдарламасымен әлемдегі ең озық білім ордаларында білім жетілдірген, нарықтың қыр-сырына қаныққан ұш­қыр ойлы жастарымыз да жетеді. Демек, Қазақстан ғы­лымында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, ХХІ ғасырдағы әлемдік дамудан қалып қоймаудың бірден-бір жолы – инновацияға ден қою­ға толық негіз бар. Ин­новациялық жобалар әсіресе, машина жасау мен авиация құрылысына, электроника мен ақпараттық техноло­гияларды дамытуға, локомотивтер мен вагондар өндірі­сіне аса қажет. Ілім-білімге ұмтылған жастар инно­ва­циялық жобалар елді өркен­детудің кепілі болатынын ұғынғанын қалар едік. Өйткені, енді мемлекет «Жүз инновация» бағдарламасын іске асыруды көздеп отыр. Нұрбай СҮЙІНБАЕВ, Жылыой аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі. Атырау облысы.