Өнер • 17 Тамыз, 2018

Батыс Қытай айшықтары

160 реткөрсетілді

Ұлттық музейде еліміздегі Қытай Халық Республикасы­ның елшілігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі бірлесіп ұйымдастырған «Таңғажайып Қытай. Аспанасты елінің көрікті жерлері» (IV бөлім.  Батыс Қытай) атты фото­көрменің салтанатты ашылуы өтті. 

ҚХР елшілігі Ұлттық музеймен бірлесіп ұйымдас­ты­рып отырған «Таңғажайып Қытай» фотокөрмесінің топтам­а­сы соң­ғы бес жыл ішіндегі қол жет­кіз­ген тарихи жетістіктерді жан-жақты ашып көрсетеді.

Марал Балтышев, Ұлт­тық музей директорының орынбасары «Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас­тар екіжақты қарқынды дамуда. Мәдениет пен өнер екі ел халықтарының арасына дәнекер болып, бір-бірін жақындастыруға қызмет жасап келеді. Бүгінгі көрмеге арқау болып отырған Батыс Қытай – кең аумақты, әр­түрлі ұлттар­дың этникалық мәдениетіне бай жер.Ол өл­кенің жан-жақ­ты көріністерін осы көрмеден тама­шалауға болады», – деді.

Батыс Қытай – кең ауқым­ды, биік таулары мен өзендері бар, мың ғасырлық тарихы мен халықтық мәдениеті қалып­­тасқан өлке. Шэньси, Ганьсу, Цинхай, Гуйчжоу, Юньнань провинцияларының көр­месінде соңғы 40 жылдың ішінде Батыс Қытайдың прови­­нцияларының әлеумет­тік, экономикалық және мәде­ни салалардағы зор жетіс­тік­тері мен экологиялық ортаны қорғау және тұрақты дамуды қамтамасыз ету ісінде құнды тәжірибесі көрсетіледі. 

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • Бүгін, 09:14

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • Кеше

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар