Әдебиет • 17 Тамыз, 2018

Абай әлеміне саяхат

1867 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Абай әлеміне саяхат

Қазақ ақыл-ойының кемең­гері қазақ өлеңінің қасиеті Абай Құнанбайұлының шы­ғар­машылығы талай буынды тәр­биелеп келеді. Данышпан ақынның өлеңдері мен нақыл сөздері талай жастың санасына сәуле құйып, оларды руханият дүниесіне жетелейді. Биыл ұлы ақынның туғанына 173 жыл толуына орай Тараз қалалық «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Абай салған дара жол» атты квест ойыны өтті.

Аталған әдеби шараның өзін­дік ерекшелігі бар. Квест ойынға алты топ­қа бөлін­г­ен 24 жеткіншек қаты­­сып, сегіз бекетті аралап көр­ді. Ойын шар­ты бойынша қатысу­шы­лар атал­ған бекеттерді аралап қана қоймай, Абай жазған өлең жолдарын іздеуі тиіс. Бұл рет­те топ жетекшілеріне карта және бекет­терден өту құжа­ты бері­ліп, әр бекетке ұйым­дас­тырушылар тарапынан өкілдер тағайындалды. Олар ойынға қатысушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар қойып, лайықты жауап алып отырды.  

Бұдан кейін барлық қатысу­шылар Тараз қалалық Абай атын­дағы орталық кітапхана­ға келіп, квест ойынды әрі қарай жалғастырды. Нәтижесінде, ойын шартын түгел орындаған «Жас алаш» тобы жеңімпаз атанды. Шара барысында аталған кітап­­хана директоры Роза Бос­тай­қызы ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы айта келіп, Абай мұраларының хал­қы­мыз үшін тағылымы мол екенін жеткізді. Өз кезегінде Жам­был облыстық «Жас Отан» жас­тар қанаты төрағасының орын­басары Бақкелді Тұрсынбек пен Тараз қалалық «Жас Отан» жас­тар қанаты төрағасының мін­детін атқарушы Бақытжан Құт­жан жеңімпаз топты және қаты­су­шыларды марапаттап, оларға арнайы дипломдармен қатар бағалы сыйлықтар табыс етті.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы