Әдебиет • 20 Тамыз, 2018

Көк­­шетауда тұңғыш элек­трондық кітапхана-коворкинг орта­лығы қызмет көрсетеді

90 реткөрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дарламалық мақаласындағы мін­дет­терді жүзеге асыру және «Цифр­лы Қазақстан» жобасы аясында Көк­­шетау қаласында тұңғыш элек­трондық кітапхана-коворкинг орта­лығы қызмет көрсетеді.

Жаңа технологиялар заманында элек­­­тронды түрде ақпарат алмасу білім көк­жиегін одан әрі кеңейте түсуге ық­пал ете­ді. Таяуда ашылған қалалық ақпарат­тық кі­тапханалар жүйесінің жаңа коворкинг орталығы халықтың бі­лім­ге құштарлығын арттыруға сеп­тігін тигізетіні даусыз. Жаңа нысан оқырмандарға қолайлы қыз­мет көрсету үшін қажетті гаджет құ­рал­дармен жабдықталған. Иннова­ция­лық орындықтар кез келген те­лефонға қосылып, қажетті ақпарат алуға мүмкіндік береді. Осының барлығы тегін әрі жылдам интернеттің көмегімен жұмыс істейді.

Электронды кітап ордасында­ іздеу жүйесі жасақталып, жаңа то­лық­­тырулар енгізілген. Қалаған кі­табыңызды атауымен, авторымен, басқа да деректер арқылы оңай әрі жылдам тауып алуға болады.

Коворкинг орталығында шеберлік сабақтар, лекция-семинарлар өткізу жос­­парланған. Қала жұртшылығы осы ор­талыққа келіп, өздерін толғандырып жүр­­ген кез келген мәселелерді талқылап, жан­ды пікір алмасу алаңын өткізе алады.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

КӨКШЕТАУ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар