Қазақстан • 22 Тамыз, 2018

Украинада Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап жарық көреді

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Ливан, Украина, Пәкістан, Бразилия, Германия елшілерінен сенім грамоталарын алды. Сондай-ақ Иван Кулеба Украинада Нұрсұлтан Назарбаев жайлы кітап жарық көретінін айтты.

Украинада Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап жарық көреді

«Нұрсұлтан Әбішұлы Украинаның тау-кен саласы бойынша білім алды. Содан бері 60 жыл да өтті. Біз осы тариxи сәттерді жақсы білеміз әрі құрметпен қараймыз. Мәселен, бұрынғы Днепродзержинск, қазіргі Каменский қаласында арнайы мұражай да бар. Мен жаңа ғана президентпен кездескенде арнайы кітапты дайындап жатқанымызды жеткіздім. Онда Нұрсұлтан Әбішұлының Украинада өткізген уақыты жайында баяндалады. Жалпы, оның мемлекет басшысы әрі бітімгер ретінде қазіргі қызметі жан-жақты көрсетіледі», деді И.Кулеба.