Әлем • 22 Тамыз, 2018

Еуроодақ пен Ұлыбританияның Brexit мәселесі жөніндегі келісімдері соңғы кезеңге жетті

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еуроодақ пен Ұлыбританияның Brexit мәселесі жөніндегі келісімдері соңғы кезеңге жетті

Ирландия Республикасы мен Солтүстік Ирландия арасындағы шекара мәселесі әлі күнге шешімін таппай келеді. Олар Еуроодақ Белфасттың Кедендік одақтағы мүшелігін сақтап, бірыңғай еуропалық нарыққа енуді реттеуге мүдделі. Десе де, Лондон Біріккен Корольдік ішінен шекара құруға қарсы.

Еске салайық, Ұлыбритания келесі жылдың 29 наурызында Еуроодақтан шығуы керек. Соған байланысты тараптар қазанның соңына дейін нақты келісімге келуі тиіс. 

«Қазір келіссөздер соңына келіп қалды. Біз осы сәттен бастап Еуроодақ пен Ұлыбританияның келіссөзді үзбей жүргізеді деп келістік. Үнемі кездесіп тұратын боламыз. Жұмысымызды қорытындылап, әрі қарай қадам басуымыз керек», деді Мишель Барнье.

Өз кезегінде Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу жөніндегі министрі Доминик Рааб арадағы шекара мәселесіне қатысты қос тарап келісімге келетінін айтты.

«Талқылайтын мәселелер бар. Олар жөнінде ашық әңгімелестік. Біз өз көзқарасымызды білдірдік. Мен Мишель Барньенің келіссөзге келу мәселесіне аса мұқият екенін білемін. Қос тарап та осындай күш-жігер таныта алса, қазан айында келісімге келетінімізге сенемін», деді Доминик Рааб.