Әдебиет • 24 Тамыз, 2018

Қаламгерлер шығармаларына құрмет

254 реткөрсетілді

Елімізде бастау алған «Бір ел – бір кітап» акция­сы көпшіліктің руханиятқа деген қызығушылығын оятып, әдебиет әлеміне жетелей түсе­тіні сөзсіз. Биылғы жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығар­малары, Бауыржан Момыш­ұлының «Ұшқан ұя» және Немат Келімбетовтің «Үміт үз­гім келмейді» атты кітаптары оқуға таңдалған болатын. Осы орайда аталған акция аясында Жамбыл облыстық зағип және көзі нашар көретін азамат­тар кітапханасының ұйым­дас­тыруымен «Ұлт руханиятының үш діңгегі» атты әдеби-сазды кеш өтті. 

Шара барысында кітапха­нашы­­лар Қарлығаш Битөреева мен Мая Әзімқұлова аталған қалам­­герлердің өмір жолына тоқ­та­лып, кітаптардың қазақ әде­биеті үшін маңыздылығын айтты. Соны­мен қатар үш қалам­гер­­дің шы­ғар­маларындағы стильдік ерек­­шеліктер де сараланды. 

Бұдан кейін аталған кі­тап­хана­ның Сағымкүл Шадырқұлова, Балташ Есепбаев сынды тұрақты оқырмандары Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Анадан алғаш туғанда» әндерін нақышына келтіре орындап, көпшіліктің көңілін тербетті. Сондай-ақ Әнуарбек Өтелов, Ербол Бегімов, Пірмат Махмұт Абай Құнанбайұлының «Көзім­нің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін тыңдармандар­ға тарту етті. Өз кезегінде Тараз қаласындағы Ю.Гагарин атын­дағы №29 орта мектептің оқу­шысы Мейіржан Қуанышбаев пен №1 мектеп-гимназияның оқу­шысы Жалғас Мықтыбек Шәкәрім шығармаларымен қатар, Абай және Мұқағали Мақатаев өлеңдерін жатқа оқып берді.

Айта кетерлігі, әдебиетсүйер қауым­ға шара барысында бір­қатар көркем шығармалар жина­ғы тегін таратылды. Ұлт рухания­тын дәріптеуге, қазақ қалам­гер­лерінің шығарма­шылығын наси­ха­ттау мақсатында ұйымдас­тырыл­ған шара жоғары деңгейде өтті. Жиын соңында аталған кі­тап­ха­на­ның әдіскері Фарида Ме­тер­құлова сөз алып, кеш қо­нақ­тары мен кітапхананың тұрақты оқырмандарына алғыс білдірді.

 Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз әуені

Руханият • Кеше

Хат қоржын (15.07.2019)

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар