Қазақстан • 24 Тамыз, 2018

Астанада жаңбыр кезінде қайықпен жүзгендерге айыппұл салынды

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жергілікті полиция жігіттердің әрекетін ұсақ бұзақылық деп бағалап, хаттама толтырды.

Астанада жаңбыр кезінде қайықпен жүзгендерге айыппұл салынды

Нөсер жаңбыр кезінде елорда тұрғындары қайыққа отырып алған екі адамның видеосы әлеуметтік желілерде кең таралған болатын.

Жергілікті полиция қызметі хабарлағандай, тәртіп сақшылары жігіттердің бұл әрекетін ұсақ бұзақылық деп бағалаған. Оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 434-бабына сай хаттама толтырылған.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты "қайықшылардың" әрқайсысына 5 АЕК көлемінде (12 025 теңге) айыппұл салды.

Астана қаласында дүйсенбі күні нөсер жауын жауып, көшелерді су басып кетті. Тіпті бағдарлы автобустың салонына жаңбыр суы кіріп кеткен.

Кейінірек қала билігі тұрғындардан кешірім сұрап, жаңбыр канализациясы проблемасын 2019 жылы шешуге уәде берді.