Қазақстан • 24 Тамыз, 2018

Алматы облысында жүрекке операция жасаудың жаңа әдісі бойынша шеберлік класы өтті

843 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Облыстық кардиологиялық орталықтың базасында алғаш рет Алматы облысында шеберлік класы өтті. Рентгенохирургия дәрігерлері жүрекшелер арасындағы қалқан жетіспеушілігін эндоваскулярлы жабу операциясын жасады. Бұл туралы Mediko баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы облысында жүрекке операция жасаудың жаңа әдісі бойынша шеберлік класы өтті

Облыстың кардиологиялық орталықтың қабырғасында бүгін өткізілген шеберлік сыныбының мақсаты – емделушілер үшін заманауи технологияларды қамтамасыз ету. Дәрігерлер үйренген шеберліктерінің арқасында енді күн сайын Облыстық кардиологиялық орталықтың емделушілеріне осындай операциялар жасай алатын болады.

Жүрекке жасалатын бұл операция кеуде қуысын еш кеспей жүргізілетінін айта кету керек. Жүрекше арасындағы қалқан жетіспеушілігін эндоваскулярлы жабу әдісі қазіргі ашық операция жасаған кездегі жүрек жетіспеушілігін тігу әдісінің баламасы болып табылады және жүрек жұмысын жылдам қалпына келтіруге септігін тигізеді. Емделушілер тез сауығады.

Дені сау ересек адамда оң және сол жақ жүрекшенің арасында тесік болмайды. Бірақ ол уақытылы өсіп кетпей, салдарынан жүрек жетіспеушілігі туындайтын жағдайлар болады – солдан оңға қарай тұйықталып, бұл оң жақ жүрекшеге және жүрек қарыншасына тым артық салмақтың түсуіне әкеледі. Мұндай жүрек кеселі әр түрлі жастағы адамдарда кездеседі және ол туа бітеді. Жүрек жетіспеушілігі сәби кезінде байқалып, көбіне жиырма жастан асқан адамдарда анықталады. Мұндай емделушілерде жүрек кемістігі өкпе гипертензиясын, жүрек жетіспеушілігін және аритмия ауруларын тудырады.  

Окклюдер пайда болғанға дейін жүрекше арасындағы қалқанның жетіспеушілігі бар емделушілерге операция жасанды қан айналымы жүйесін пайдаланумен, ашық жүрекке жасалатын. Мұндай емделушілер ұзақ уақыттан соң ғана біржола айығып, көбіне отадан кейінгі асқынулардан зардап шегетін. Окклюдер имплантациясы – бұл заманауи емдеу әдісі, ол инвазиялығының төмендігімен, адам денсаулығының жылдам қалпына келуімен, асқынаулардың аз болуымен ерекшеленеді.  Сонымен қатар аталған емдеу әдісі жүктіліктің тіпті соңғы апталарында да қолданыла алады.

Жүрек жетіспеушілігін жою үшін заманауи материалдан – нитинолдан, никель мен титан қорытпасынан жасалатын окклюдер атты құрылғы пайдаланылады. Құрылғы арнайы енгізу жүйесі арқылы жүрекке кіргізіліп, өзінің пішімінің арқасында жүрек жетіспеушілігінің тұсына орнығады. Ем-шараны бақылау және окклюдерді дұрыс орнату үшін дәрігерлер Ангиограф және өңеш арқылы УДЗ пайдаланады.

Окклюдерлерді орнату бойынша өзінің көпжылдық тәжірибесімен бүгін арнайы шақырылған рентгенохирург А.Оңласынов бөлісті. Операцияны жасау үшін дәрігерлер адамның бір санын сәл кесіп, қан тамыры арқылы катетер енгізді, ол окклюдерді қажетті ағзаға жеткізді.