Қазақстан • 26 Тамыз, 2018

Айбек Нұғымаров абсолютті салмақта Азия чемпионы атанды

586 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Айбек Нұғымаров абсолютті салмақта Азия чемпионы атанды

«Қазақстан барысы» және «Әлем барысы» атанған қазақ балуаны Айбек Нұғымаров Қазақ күресінен өткен Азия чемпионатында абсолютті салмақта чемпион атанды.

Еске салайық, Астанада «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтті. Азия чемпионатында 11 елден 77 балуан 8 салмақ дәрежесі бойынша қатысты.