Аймақтар • 27 Тамыз, 2018

Қызылорда жұмыспен қамтуда аймақтар арасында бірінші орынға шықты

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында толыққанды жұмыспен қамтылмаған және жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығына қажетті мамандықтарға оқыту арқылы жұмыссыздар қатарын азайып келеді.

Қызылорда жұмыспен қамтуда аймақтар арасында бірінші орынға шықты

Ал, олардың қатары аз емес. Тәуекел тобындағы азаматтар санының 97 538 екендігі анықталған болатын.

Қызылорда облысында ағымдағы жылдың 6 айында 7000-нан астам адам жаңа жұмыс орындарына орналасқан. 20400-ден астам адам нәтижелі жұмыспен қамтылып, 20000-ға жуық азаматтың қызметі заңдастырылып отыр. Олардың 17000-ға жуығы жұмыс берушілермен еңбек келісім-шарттарын жасасты. 3000-нан астам адам мемлекеттік кіріс органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз кәсіптерін бастап жатыр.

Соның нәтижесінде, жыл басынан бері өнімсіз жұмыспен қамтылған және жұмыссыз ретінде тіркелмеген адам санын 27 мыңнан астамға азайтуға қол жеткізілді. Бұл көрсеткішті 70 мыңға жеткізу көзделіп отыр.

Облыста қабылданған шаралардың алғашқы нәтижелері байқалып, ағымдағы жылы жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілер 11%-ке көбейді. Аталған көрсеткіш бойынша Қызылорда облысы аймақтар арасында көш бастап тұр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы