Аймақтар • 27 Тамыз, 2018

«Алматы Көктөбе Oпера-2018» фестивалі өтті

745 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алатау бөктеріндегі «Көктөбе» демалыс саябағында «Алматы Көктөбе Opera-2018» фестивалі өтті. Ашық аспан астында үшінші мәрте ұйымдастырылған отырған осы керемет шара барысында әлемдік классиканың жауһар туындылары шырқалды. 

«Алматы Көктөбе Oпера-2018» фестивалі өтті

Жоғары талғаммен топтастырылған концерттік бағдарламада әлемдік классикалық музыканың алтын қорына енген туындылар мен ұлттық өнеріміздің жауһарлары шебер үйлестірілді. Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының танымал солистері мен опера жұлдыздары әлемнің ең үздік композиторларының туындыларын орындады. Осы кештің басты қонағы – әйгілі италиялық тенор, 2014 жылы Дохада «Жаңа буын» аталымы бойынша «Oscar Della Lirica» жүлдесінің иегері атанған Винченцо Костанцоның да өнері керемет әсер қалдырды.

Екі күнге созылған концерт барысында Көктөбеде Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Петр Чайковский,  Шарль Гуно, Лео Делиб, Томазо Альбинони, Джакамо Пуччини, Гаэтано Доницетти, Джузеппе Верди, Франц Легар, Джаоккино Россини, Жорж Бизенің тамаша туындылары мен қазақтың халық әндері шырқалды. Атақты дирижер, Қазақстан Республикасыныӊ еӊбек сіӊірген әртісі Алан Бөрібаевтыӊ жетекшілігімен Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрыныӊ симфониялық оркестрі әлемдік классикалық музыка өнерінің шығармаларын өте шебер орындады.       

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ