Аймақтар • 27 Тамыз, 2018

Мәжіліс депутаты Қаскелең қаласының мұғалімдерімен кездесті

1450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжіліс депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Ирина Смирнова Алматы облысының Қаскелең қаласындағы Қ. Сәтбаев атындағы орта мектеп ұжымымен кездесті.

Мәжіліс депутаты Қаскелең қаласының мұғалімдерімен кездесті

Онда Президенттің бес әлеуметтік бастамасы түсіндіріліп, сондай-ақ, мұғалімдердің Тамыз конференциясында көтерілген проблемалары талқыланды.

Кездесу барысында баланы оқыту мен оның тәрбиесіне баса назар аударылды. Атап айтқанда, жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің белең алуы мен ғаламтор арқылы таралып жатқан зиянды ақпараттан қорғау сияқты өзекті мәселелер көтерілді.

Депутат талқыланған барлық сұрақтар мен ұсыныстар одан әрі парламенттік қызметі барысында ескерілетінін жеткізді.