Әлем • 27 Тамыз, 2018

Бішкекте Алтай өркениетіне қатысты конференция өтіп жатыр

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 елдің, соның ішінде, Қазақстанның танымал ғалымдары Бішкекте өтіп жатқан Алтай тілдері туыстас халықтарының мәдениеті мен тарихын зерттеушілердің халықаралық конференциясына қатысуда.

Бішкекте Алтай өркениетіне қатысты конференция өтіп жатыр

Алтаистер конференциясы дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. «Мұндай  дәстүр зерттеушілер мен ғалымдардың алтай мұрасының мәдениеті мен тарихын зерттеуге деген зор қызығушылығын көрсетеді», - деді Қырғызстанның президенті Сооронбай Жээнбеков.

«Жыл сайынғы халықаралық конференция алтаист-ғалымдар үшін Алтай өркениетінің тілдері мен мәдениетін, мұрасын зерттеу барысындағы соңғы ғылыми жаңалықтарды талқылауға және басқа да зерттеушілермен кеңінен пікір алмасуға мүмкіндік береді», - деді Қырғызстанның ел басқарушысы.

Ел президенті Алтай өркениетіне қатысты Памир-Алтай, Тянь Шань тауларынан Саян Алтай мен Енисейге дейінгі аумақтың табиғаты, таулары мен ормандары, даласы мен өзендері бір екенін айтты. Ғалымдар үшін мәңгілік көшпенді өркениетті зерттеу - таңғаларлық ерекше тақырып болып қала береді. Тарих ғылымында «Халықтардың ұлы көші» атауымен танымал процестің алтай өркениетімен байланысы бар екені белгілі. Бұл мәдениетаралық алмасуды күшейтіп, тіл, антропологиялық және нәсілдік өзгерістерге алып келді. Сондай-ақ, ғұн, түрік, қырғыз, моңғол, мәмлүк, тимурид, осман, аустро-мажар сынды жаңа империялар пайда болды. Конференция 30 тамызға дейін жалғасады. Жиынның қорытындысына сәйкес, Алтай өркениетінің беймәлім тұстары туралы арнайы жинақ шығару жоспарланған.