Спорт • 27 Тамыз, 2018

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының чемпионы атанды

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасы ел қоржынына Азиаданың жетінші алтын жүлдесін салды деп хабарлайды Olympic.kz.

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының чемпионы атанды

Бұл сында ел намысын Алина Әділханова, Даяна Әбдірбекова және Адиля Тілекенова қорғаған болатын.

Біздің команда жалпы есебі 159.850 ұпай жинап, Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды.

Екінші орында Өзбекстан, үшінші сатыда Оңтүстік Корея спортшылары.

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі