Қазақстан • 28 Тамыз, 2018

Шахтаға түсіп, кеншілердің жағдайымен танысты

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шахтаға түсіп, кеншілердің жағдайымен танысты

Ел экономикасындағы ең ауыр еңбектің бірі шахтерлердің еншісінде екені белгілі. Қара­ғанды облысының әкімі Ерлан Қошанов өңірдегі байырғы кен орындарының бірі Костенко атындағы шахтада болып, кен­шілермен жүздесті. Өңір басшысы өзі де шахтаға түсті. Көмір­ші­лермен жұмыс барысында жүз­десіп, олардың хал-жайымен танысты. Оларға Елбасы Н.Назар­­баевтың кеншілердің еңбек жағ­дайын үнемі сұрап, бақылауда ұстап отыратынын жеткізді.

Қарағанды шахталарын бас­­қаратын «АрселорМиттал Те­міртау» АҚ жылдың басынан бері еңбеккерлердің жалақысын 33,55%-ке арттырған.

Президент тапсырмасымен «Арселор­Миттал Темір­тау» ак­цио­­­­нерлік қоғамын дамы­ту­дың 2018-2020 жылдарға арнал­­­­ған Жол картасы жасалып, бұл құжат­қа Инвестициялар және даму жөніндегі министрі Жеңіс Қасым­бек, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов және аталған компанияның бас директоры Парамжит Калон қол қойған болатын. Жол картасына сәйкес, «АрселорМиттал Теміртау» үш жыл ішінде Болат, Көмір және Кен департаменттерінің өнді­рістік нысандарына 305 млрд теңге инвестициялайды. Жылға шаққанда, компания биыл 100 млрд теңге, 2019 жылы 105 млрд теңге және 2020 жылы тағы 100 млрд теңге құймақ. Айта кету ке­рек, былтыр компания тек 50 млрд теңге инвестициялаған болатын.

Осы қаражаттардың есебінен өндіріс ошақтары жетілдіріліп, материалдық-техникалық тұр­ғыдан жақсартылып, шахтер­лер еңбек қауіпсіздігін қамтама­сыз ету ша­ралары жүзеге асыры­лады. Индустрияның 4.0. стандарт­тары қолданылады. Алдағы уақытта экология мәселелеріне де баса кө­ңіл бөлінбек.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ