Қазақстан • 30 Тамыз, 2018

Ұлық мерекеге арналған акция

262 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау аудандық Жастар орталығының бастамасымен 30 тамыз – Конституция күніне орай «Заң және заман» акциясы ұйымдастырылды.

Ұлық мерекеге арналған акция

Акция аясында жастар орталығының еріктілер тобы мен «Жасыл ел» еңбек жа­са­ғының жастары Маңғыстау аудандық сот ұжымында болып, жұмыс барысымен танысты. 

Акция аясында аудан­дық соттың судьясы С.Бердібе­ков заңдардағы өзгерістерге тоқта­лып, үш сатылы сот жүйесіне көшу, судьялық ла­уазымға кандидаттарға қойы­латын біліктілік талаптарын күшейту, Жоғарғы сот жанынан Сот төрелігі академиясын құру, судьялардың жаңа Әдеп кодексін әзір­леу, Сот жюриінің жұмы­сын жаңғырту, тергеу судьяла­ры­ның өкілеттігін арттыру, алқабилер соты қарайтын істер қатарын кеңейту секілді мәселелерді жастарға кеңінен түсіндіріп берді. 

Жастар судьяға өздерін мазалаған сұрақтарын қо­­­йып, тұшымды жауаптарын алды. Акцияға қатысқан жас­тар қылмыс пен құқық бұзушылықтың не екенін ұғынып, заңның үстемдігін кеңінен түсінді. 

Шарада аудандық сот төр­ағасы Жұмабай Жанә­ді­лов: «Уақыт талабына толық сәй­кес келетін жаңа Азамат­тық процестік кодекс пен «Жо­ғары Сот Кеңесі туралы» жаңа заң қолданысқа енді. «Сот жүйесі және судья­лардың мәртебесі туралы» Конс­титуциялық заңға, Қыл­мыстық-процестік кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс­ке тиісті өзгерістер енгізілді. Осылайша бүгін барлық деңгейдегі соттар жаңа қыл­мыстық және қылмыстық процестік заңнама бойынша жұмыс істеуде. Үш буынды сот жүйесі Еуропаның көптеген дамыған елдерінде қалыптасқан үрдіс. Мұндағы басты мақсат – азаматтарды әуре-сарсаңға салмай, сот әділ­дігіне қол жетімділікті ар­т­тыру болып табылады. Ол дегеніміз – үш сатылы сот жүйесі іс бойынша сот ше­шімінің жедел қабыл­да­нуына негіз қалайды», деді. 

Қалампыр ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

Жастар орталығының маманы

Маңғыстау облысы, 

Маңғыстау ауданы