Спорт • 31 Тамыз, 2018

Тимур Құлыбаев Азия ойындарына келді

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Азия ойындарына келді. Бұл туралы Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

Тимур Құлыбаев Азия ойындарына келді

Құрлық додасының соңғы жарыс күндерінде Индонезия астанасында бірнеше ресми кездесу өтеді. Қазақстан ҰОК басшысы Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахпен кездеседі.

Сондай-ақ, Т.Құлыбаев Ұлттық Олимпиада комитеттері Қауымдастығының (ANOC) және Азия Олимпиадалық Кеңесінің (АОК) президенті шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабахпен жолығады.

Еске сала кетейік, Т.Құлыбаев Азия Олимпиадалық Кеңесінің вице-президенті саналады. Кездесулер барысында Қазақстан ҰОК пен халықаралық спорттық ұйымдардың әріптестігін нығайту мәселелері қарастырылады.

 

Бұдан бөлек, Қазақстан ҰОК басшысы қазақ боксшыларының жартылай финалдық бәсекесін, дзюдодан финалдық жекпе-жектерді және су добынан өткен матчты тамашалады. 

Қазіргі сәтте Қазақстан спортшылары жазғы Азия ойындарынан 11 алтын, 11 күміс және 39 қола медаль жеңіп алды. Азия ойындарының жабылу салтанаты 2 қыркүйекке жоспарланған.