Білім • 02 Қыркүйек, 2018

Маңғыстауда 9 жаңа мектеп ашылды

1431 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Білім күні Маңғыстау облысында 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды. Үш ауысымды мектептерді болдырмау мақсатында Ақтау қаласында және Қарақия, Түпқараған, Маңғыстау аудандарындабір-бір мектептен ашылса, екі мектеп Мұнайлы ауданында және 3 мектеп Жаңаөзен қаласында пайдалануға берілді. Маңғыстау облысыныңәкімі Ералы Тоғжанов Ақтау қаласындағы жаңа №29 мектептің салтанатты жиынына қатысты.

Маңғыстауда 9 жаңа мектеп ашылды

-Жаңа оқу жылында Маңғыстаудың мектептеріне 134 мыңнан астам оқушы барады. Соның ішінде, бірінші сыныпқа 16600 оқушы. Бүгін білім күні, өлкемізде сыйымдылығы 6300 орындық жаңа 9 мектеп пайдалануға берілді. 9 мектептің ішінен 4 мектеп құрылысы Ұлттық қор қаржысы есебінен, 5 мектеп республикалық бюджет есебінен салынуға қолдау тапты. №29 мектеп ерекше болып табылады. Мектепке робототехника, құрастыру, бағдарламалау, үлгілеу, 3D-жобалауға арналған STEM-лаборатория орнатылды. «Жасыл мектебім-жасыл мекенім» жобасы аясында компьютер арқылы басқарлатын смарт-жылыжай салынды. Галографикалық ақпараттандыру бұрыштары, ЧИП арқылы оқушылардың мектепке келіп-кетуін қадағалау жүйесі енгізілді. Сонымен бірге емдік д1ене шынықтыру кабинеті ашылды. Осындай смарт технологиялар және сауықтыру жобаларын біз барлық мектептеріне енгізетін боламыз, деді аймақ басшысы.

жаңадан ашылып жатқан мектептерде спорт залдары, акт залдары, асханалары, кітапханалары, мультимедиялық оқу залдары бар, сондай-ақ мектептер заманауи физика, химия, биология, информатика, мультимедиялық кабинеттері, интербелсенді тақталарымен, технология кабинеттері, тамақ пісіру және тігін шеберханаларымен жабдықталған. Сондай-ақ, мектептер аумағында халықаралық стандартқа сай спорттық, ойын алаңдары, жүгіру жолдары және демалуға арналған орындар орналасқан. Ғимараттарға бейнебақылау орнатылып, интернет желісі тартылған.

Ал, Маңғыстау ауданы №7 мектеп-лицейінде, Мұнайлы ауданының №13 мектеп-гимназиясы және №14 орта мектепте 3 шағын жылыжай орналасқан.

Түпқараған ауданының жаңа мектеп-гимназиясында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық білім беру технологиялары енгізілген, сонымен қатар, Президент кабинеті жұмыс жасауға дайын.

Ақпараттық стенд арқылы мектепке келушілер, оқушылар, ата-аналар мектеп туралы, мектептің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысады. Стендте берілген ақпараттарды (мектептің электронды төлқұжаты, мектеп сайты) әртүрлі әлеуметтік желілердегі мектептің парақшаларынан (FB, Instagram, т.б.) QR-code (тез арада қабылдаушы код) арқылы алады. Сонымен қатар, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «BOOK WORLD100» жобасын қолдану мақсатында электронды үкімет порталы арқылы да ұсынылған қызмет түрін пайдаланып, электронды 100 оқулықты кәдесіне тәжірибесі енгізілді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы