Футбол • 03 Қыркүйек, 2018

«Астананың» жігерлі жеңісі

158 реткөрсетілді

Елорданың «Астана» футбол клубы Еурокубок додаларының күзгі маусымын жалғастырады. Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта кездесуде Кипрдің АПОЭЛ командасымен жолығып, драма мен эмоцияға толы матчта «Астана» пенальти сериясы арқылы жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық ұжым үшінші рет Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Бір апта бұрын Кипрде өт­кен матчта алаң иелері 1:0 есе­бімен жеңіске жеткен соң, «Ас­тана» өз алаңында жылдам гол салуға ұмтылды. Матчтағы есепті Педро Энрике пенальтиден ашып, қа­зақ­стандық команданы алға шы­ғарды. Бұл «Астананың» соң­ғы төрт кездесуден кейінгі алғаш­қы голы еді. Осы нәтиже матч соңына дейін сақталып қалды.

АПОЭЛ командасының бас жаттықтырушысының айту­ынша, төреші пенальтиді дұ­рыс белгілемеген, ойыннан соң бас төреші өзінен кешірім сұ­раған. Қарсылас команданың бапкері айтқан бұл базынасына «Астананың» уақытша бас бапкері Бабаянның пікірін сұрағанда, ол Никосиядағы кездесуде АПОЭЛ-дің ойыннан тыс жағдайда соққан голынан кейін бізден ешкім кешірім сұраған жоқ деп жауап берді.

Командалар 1:0 есебін негізгі уақытта өзгерте алмаған соң, 15 минуттан қо­сым­ша уақыт белгіленді. Ол уақыт­та да есеп ашылмай, жеңімпаз команданы анықтау үшін бас төреші ойын соңындағы пенальти сериясына жүгінді. Пенальти сериясы барысында «Астана» қақпашысы Ненад Эрич екі мәрте допты қайтарып, командасының жеңіске жетуіне сүбелі үлес қосты. Өткен ойынмен салыстыратын болсақ, екі команданың негізгі құрамында бір-бірден өзгеріс болды. «Астана» сапында қорғаушы Марин Аничич, ал қарсылас командадан шабуылшы Реза Гучаннеджад бірінші минуттан бастап алаңға шықты.

Қалай десек те, өткен кез­десудің нағыз қаһарманы – Ненад Эрич екеніне ешкім қарсы бола қоймас. Ойын барысындағы жанкештілігін есепке алмағанның өзінде, матч соңындағы пенальти сериясында екі бірдей соққыны қайтарып, «Астанаға» Еуропа лигасының топтық кезеңін сыйлады.

Жұма күні Монакода Еуропа лигасының топтық кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті. Екінші себеттен орын алған «Астана» Украинаның «Динамо» Киев, Францияның «Ренн» және Чехияның «Яблонец» командаларымен бірге «K» тобына түсті. Төртінші рет Еурода бәсекесінің топтық кезеңіне шыққан «Астана» бұған дейін 20 мемлекеттің командасымен ойын өткізген екен. Енді бұл тізімге тағы екі ел қосылды. «Астана» бұл уақытқа дейін Украина және Франция клубтарымен кездес­пеген. Ал Чехия командасымен екінші рет жолыққалы тұр.

Енді «Астананы» 20 қыркүйек пен 13 желтоқсанға дейін созылатын Еурокубок бәсекесінің қиын әрі тартысқа толы ойын­дары күтіп тұр. Әрине топ­тық кезеңдегі әрбір матч оңайға соқпай­тыны анық. Сондықтан Гри­горий Бабаян шәкірттері аз уа­қыт тынығып, бірінші турға дейін біраз ойын тәжірибесін жинақ­тап алуға мүмкіндік бар. Ең бас­тысы – «Астана» тағы да топ­тық кезеңге шықты. Ел чемпио­ны қазақстандық футбол жан­күйерлеріне тағы да Еурододаның күзгі маусымын сыйлады. «Ас­тана» командасы алғашқы кез­десуін 20 қыркүйек күні сырт алаңда Украинаның «Динамо» Киев клубымен бастайды.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Дарынды түлек Дарина

Қазақстан • Бүгін, 15:36

Арыста медициналық штаб құрылды

Аймақтар • Бүгін, 13:23

Дзюдошылар үш жүлде алды

Спорт • Бүгін, 12:43

Көкке қол созған саңлақ

Қоғам • Бүгін, 10:18

Қараша қазға қамқорлық

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Қаламгерлер арасындағы турнир

Қазақстан • Бүгін, 10:14

Айбынды жастар анықталды

Қазақстан • Бүгін, 10:10

«Ақбас» тұқымынан артығы жоқ

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Электронды сауда қызып келеді

Қазақстан • Бүгін, 10:01

Тіл – ортақ, тілек – бір

Қоғам • Бүгін, 09:55

Серт пен сенім

Президент • Бүгін, 09:35

Елден елдің несі артық?

Қоғам • Бүгін, 09:28

Жаңа технологиялық соғыс

Әлем • Бүгін, 09:21

Ұқсас жаңалықтар