Әлем • 03 Қыркүйек, 2018

Елбасы Түркі әлемінің 100 есімі жобасын әзірлеуді ұсынды

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанда өтіп жатқан Түркі тілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің VI саммитін ашқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының беталысы туралы кеңінен айтып берді. 

Елбасы Түркі әлемінің 100 есімі жобасын әзірлеуді ұсынды

- Қазіргі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы табысты жүзеге асырылып келеді. Соған сәйкес, қазақ тілін латын графикасына негізделген жаңа әліпби әзірленді. Қазақстанның латын графикасына көшуі түркі тілдес елдердің жазу мәдениетін жақындастыра түсетін айтулы жаңалық. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстандағы 100 жаңа есім жобасы жүзіге асырылды. Тағылымы мол тарихымызда Әл-Фараби, Яссауи, Абай, Юнус Эмре, Низами, Ұлықбек, Айтматов секілді ірі тұлғалар бар. Осыған байланысты түркі кеңесі аясында Түркі әлемінің 100 есімі жобасын әзірлеуді ұсынамын, - деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. 

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесі 2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен Нахчыван қаласында (Әзербайжан) құрылды. Қазіргі уақытта Кеңестің құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия кіреді. Түркі кеңесінің Бас хатшылығы Ыстанбұл қаласында (Түркия) орналасқан.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

"Егемен Қазақстан"