Футбол • 03 Қыркүйек, 2018

«Астана» футболшыларының трансферлік құны 24 миллион 150 мың еуро

223 реткөрсетілді

Еуропа лигасының топтық турнирінде «Астананың» футболшылары Киевтің «Динамо», Францияның «Ренн» және Чехияның «Яблонец» клубтарына қарсы ойнайтыны белгілі болды.

 

Германияның Transfermarkt сайты ұсынған мәліметке сенсек, К тобындағылар арасындағы ең ауқаттысы – «Ренн». Франциялық клубтың сапындағы ойыншылардың жалпы құны 119 миллион 50 мың еуроны құрайды. Сол сайыпқырандар арасында Исмаил Саррды бөле-жара атап өтуге болады. 20 жастағы сенегалдық жартылай қорғаушының трансферлік құны 14 миллион шамасында.

Екінші орында – «Динамо». Украинаның астанасында іргетасы қаланған даңқты команданың футболшылары бүгінгі таңда 67 миллион еуроға бағаланып отыр. Солардың қатарында ең құнды ойыншы ретінде Виктор Цыганковтың есімі аталуда. 20 жастағы жартылай қорғаушының бағасы 8 миллионды құрайды.

Үшінші сатыға «Астана» жайғасты. Қазақстандық клубтың намысын қорғап жүрген теңбіл доп шеберлерінің жалпы құны – 24 миллион 150 мың еуро. Солардың арасындағы ең бағасы жоғары Педро Энрике. 28 жастағы Бразилияның шабуылшысының құны – 3 миллион шамасында.

Ал ең соңғы орында – «Яблонец». Чехиялық команда 12 миллион 250 мың еуроға бағаланып отыр. Олардың ең құнды ойыншысы, 24 жастағы жартылай қорғаушы Михал Травник 1 миллионға бағалануда.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»      

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Crown Батыс» «Тұлпарға» айналады

Аймақтар • Бүгін, 16:28

Негізгі бағыттар айқындалды

Аймақтар • Бүгін, 15:00

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 09:28

20 жыл аңсаған алтын...

Спорт • Бүгін, 09:25

Сырттанов туралы сыр

Руханият • Бүгін, 09:23

«Алтын аймақ» – Ақмешітте

Руханият • Бүгін, 09:20

«Шаңырақтың» шапағаты

Руханият • Бүгін, 09:13

20 мыңға жуық адамның азабы – жол

Экономика • Бүгін, 09:11

Жұртым деп келген жеткіншектер

Руханият • Бүгін, 09:08

Тағылымы мол кездесу

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Бақтың барар жері – ынтымақ

Аймақтар • Бүгін, 08:46

Тырнақалды туындының тың тынысы

Аймақтар • Бүгін, 08:42

Саф өнерге сұраныс жойылмайды

Руханият • Бүгін, 08:40

Әлеуметтік желілер: сөз бен көз

Руханият • Бүгін, 08:39

Аграрлық банк құрылса...

Экономика • Бүгін, 08:30

Жол құрылысына серпін берді

Саясат • Бүгін, 08:27

Ұқсас жаңалықтар