Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2018

Бір-бірімізден үйренеріміз көп

502 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Тайланд корольдігі делегациясының кездесуі өтті. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары Леонид Прокопенко, Исламбек Салжанов, Мәжіліс депутаттары қатысты.

Бір-бірімізден үйренеріміз көп

Таиландтық қонақтармен кез­десудегі әңгіме «Ұлтаралық қа­ты­­настар саласында мем­ле­кет­тік институттар мен азаматтық қо­ғамның ынтымақтастығы» тақы­рыбы аясында өрбіді.

Қазақ жеріне алғаш рет келіп отырған қонақтарға қош келдіңіз­дер, дей келе, ҚХА төрағасының орынбасары – Хатшылық мең­ге­ру­шісі Л. Прокопенко оларды ал­дымен Елбасымыздың басшы­лығымен жасақталған қоғам­дық келісім мен татулықтың жал­пыұлттық қазақстандық моделі­мен таныстырып өтті.

Ал «Nation-building Institute» институтының төрағасы, Гарвард университетінің профессоры Криенгсак Чароенвонгисак алғаш рет қазақстандықпен танысқан сә­тін еске алды.  Сол кезден бері қа­зақ елімен жіті танысуды мақсат тұт­­қан профессор 130-дан астам этнос өкілдері тату-тәтті тұра­тын елге таңданысы мен сүйіні­шін жа­сырмады. Бізді қазақы қо­­нақ­­жай­лылықпен қабылдаған Қа­зақ­­станға ризашылығымызды біл­ді­реміз деген ол, қазақстандық­тар­дың жетістігінің сырына қанық­қысы келетіндіктерін айтып өтті.

Брифингке қатысқан Қазақ­стан-Таиланд өкілдері екі елдің эко­номикасы мен әлеуметтік тыны­сындағы, этносаралық қаты­настар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері ту­ра­лы пікір алмасып, бір-бірінен үйре­нетін үлгі көп екендіктерін жеткізді.

Венера ТҮГЕЛБАЙ,

«Егемен Қазақстан»