Әлем • 04 Қыркүйек, 2018

Қазақ көкпаршылары бүгін алаңға шығады

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аясында өтіп жатқан көкбөрі (көкпар) бойынша сайыстар жалғасуда. 

Қазақ көкпаршылары бүгін алаңға  шығады

Бірінші турда Қырғызстан Моңғолия командасын 29:5 ұпаймен жеңіп рекорддық көрсеткішке ие болды. Мәскеу құрама командасы ауғаныстандық көкбөрішілерді 7:2 есебімен тізе бүктіріп, жартылай финалға жолдама алды. Өзбекстандықтар башқұрт әріптестерін 20:1 эсебімен ұтып, ойындарын бұдан әрі жалғастырады. Енді Францияның командасымен кездеспекші.

Қазақстанның көкбөрішілері 1-турдың ойындарына әлдебір себеппен қатысқан жоқ. Оларды Красноярскінің командасы күтіп отырған. Ұйымдастыру комитетімен байланысқанымызда, Қазақстан мен Красноярск командалары бүгін түстен кейін ойнайтыны белгілі болды.Қырғыз көкбөрішілері күшті команда деп есептелінеді.Олар біздің басты бәсекелесіміз қазақстандық команда деген болатын.

Қытайдан келген көкбөрі командасы ойын талаптарына лайық болмағандықтан мандаттық комиссиядан өтпей, жарыстарға қатыспайтын болды. 

Белгілей кетсек, бірінші орынға 3 миллион сом, екінші орынға 1,5 миллион сом бәйге тігілген. Көкбөрі бойынша жалпы бәйге қоры – 6 миллион сом.

Назарбек Байжігітов,

Қырғыз Республикасы,

Шолпаната қаласы