Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2018

Ағайынды үздіктер марапатталды

483 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасының «Жастар саясатының қолдау» туралы тағы бір маңызды жобасы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы. Осы жоба ел ішіндегі көптеген табыс жаратқан, кәсіп ашқан, елімізге үлес қосқан белсенді жастарды іріктеп, олардың еңбегін бағалауымызға мүмкіндіктер туды.

Ағайынды үздіктер марапатталды

Жуықта «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен Шығыс Қазақстан Облысының әкімі Даниял Ахметов Елбасының «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары,  жас ғалымы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі Институтының ғылыми қызметкері Қуаныш Жұмабекті «Білім беру саласының үздігі» және Ержан Жұмабекті «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады. Шығыс Қазақстан өңірінің тумалары, ағайынды үздіктер өздерінің нақты іс-әрекеттерімен  еліне үлес қосуға дайын азаматтар екенін дәлелдеді.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы туралы Елбасы: «Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары туралы мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, замануауи Қазақстанның келбеті көрініс табады. Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек»,- дейді өз жолдауында. Жарқын болашаққа нық қадаммен жетуге жастарымыздың сенімі мен рухын жебеу мақсатындағы жобалардың көбеюі ертеңімізге үмітпен қараудың басты шарты болмақ.

 

Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН,

 А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі Институтының ғылыми қызметкері