Қазақстан • 04 Қыркүйек, 2018

Алматыда бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі өтеді

374 реткөрсетілді

13-14 қыркүйек күндері Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Кітапхана – қоғамның көпфункцияналды, көпдеңгейлі әлеуметтік институты» атты бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі өтеді.

Ұлттық кітапхананың Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, кітапханашылар съезі республикадағы кітапхана саласының болашақтағы саясатын  айқындайтын, жаңғыртатын және жаңаша серпін беретін маңызды мәдени оқиға болып табылады.

Қазақстан  кітапханашыларының съезі соңғы рет 1998 жылы өткізілді және 20 жылдан соң барлық жүйелер мен ведомстволардың кітапханалық қауымдастығын алғаш рет жинап отыр. Съезге 200 кітапханашы  қатысады деп күтілуде, оның ішінде 184 – қазақстандық делегаттар, 16 – шетел кітапханаларының жетекшілері және АҚШ, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және т.б. мемлекеттер кітапханаларының мамандары. Осы съезге қатысуға 300-ден астам адам ниет білдірді.

Бүкілқазақстандық съезд – түрлі аймақтық деңгейдегі көпшілік кітапханалардың, ғылыми, техникалық, жоғары оқу орындарының және мектеп кітапханаларының мамандары, бейінді мемлекеттік органдардың өкілдері,  бизнес серіктестік және ұқсас ұйымдардың еліміздегі  кітапхана ісінің мәселелерін сапалы шешу, сапалы адами капиталын қалыптастыру тұжырымдамасын анықтау, республикадағы кітапхана қорын цифрландыру жолдары, ақпараттың  қолжетімділігін  заңнамалық қамтамасыз ету және басқа да өзара іс-қимылдарды талқылайтын, ресурстар мен мүмкіндіктерді біріктіретін кәсіби диалог алаңы.

Съезд шеңберінде кітапхана директорларының отырысы, тақырыптық секциялық кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады, кітапхана саласының жетекші шетелдік  мамандарының қатысуымен фокус-тренингтер, шеберлік-сыныптары, тәжірибелік сабақтар, Астана және Ақмола облыстарының кітапхана қауымдастығымен мерекелік онлайн-кездесулер жоспарланған.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз әуені

Руханият • Кеше

Хат қоржын (15.07.2019)

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар