
Бізді ауылдың алдағы 30-40 жылдағы перспективасы толғандырады. Тұрғындар миграциясының жылдан-жылға өсу тенденциясына қарағанда, осы мерзімде терістік облыстардың ауылдарында жұмыс істеуге қабілетті адамдар қалмайтын сияқты. Ауылға жаңа технология, озық техника жеткізуден бұрын бізді осы мәселе қатты ойлантуы керек секілді. Өйткені адамды асырайтын қара жеріміз бен жайылымдарымыз бос қалып, азық-түліктің бәрін сырттан таситын жағдайға жетіп қалуымыз мүмкін.
Сондықтан біздің мемлекеттік идеологияны жүргізетін барлық қызметтеріміз – ауылдағы мамандықтарды жаппай насихаттап, олардың маңыздылығын, елге қажеттілігін жастардың бойына сіңіріп, патриоттық сезімдермен үйлестіріп, кеңінен таратуды, жас саналарды соған қызықтыруды қолға алуы керек деп санаймыз.
Америкалықтар бір жылдары ковбойларды («сиыршы бала» деген сөз) қатты дәріптеп көптеген кинолар түсіріп, көркем әдебиеттер жазып, театр туындыларын шығарып еді, қарапайым «малшы» дегенді ғана білдіретін осы мамандыққа жастар арасында жаппай қызығушылық туды. Олардың киетін униформаларын жастар модаға айналдырып, салтанатпен жүретін болды. Вестерн жанрында түсірілген фильмдердегі ковбойлар образы АҚШ-тың тұрақты брендіне айналды. Жыл сайын өткізілетін родео жарыстары барлық америкалық балалардың қатысқысы, тамашалағысы келетін спорт түрі болды. Егер біз де малшылар мен диқандар өмірін өнер туындыларымен насихаттай білсек және олардың өз жұмыстарында үлкен табыстарға жетіп, көп қаражат табатынын көрсете білсек, базарларда ауыр жүктерді тасумен ғана айналысып жүрген мыңдаған жастарымыз ауылдарға барып, мал өсіруге тырыспас па еді? Диқан болып, дән егуге ұмтылмас па еді? Бағбан болып, жеміс-жидек екпес пе еді? Құрылыстарда біреулерге жалданып, арасында алданып, ешқандай квалификацияны қажет етпейтін қара жұмыстарды ғана істеп жүргендер сөйтіп өзінің стихиясын табар еді ғой.
Өткен ғасырдың 30-60 жылдарында Кеңес одағында ауыл еңбегін дәріптейтін, ауыл мамандықтарын насихаттайтын қаншама тамаша кинолар, театр туындылары, көркем шығармалар, ән-жырлар болды. Мәселен, «Өз отыңды өшірме», «Трактористер», «Живет такой парень» деген фильмдер, «Шопан әні», «Тракторшы қарындас», «Жылқышының әні», «Су тасушы «водовоз» және т.б. тамаша әндер ауылдағы барлық мамандар мен мамандықтарды қатты насихаттап, жастарды елеңдетті. Соның арқасында даланы ешқашан көрмеген, қалада туып-өскен жастар да ауылға асықты. Тіпті Алматы, Мәскеу, Ленинградты тастап, өз еріктерімен ауылдарға келген жастар болды. Қазір де өз заманымызға лайықты әдістермен жастарды осылай, ауылға тартуымыз керек. Соның ішінде ешкімнің көмегінсіз, өздігінен жер алып, жұмыс істеп, мал өсіріп жатқан жеке адамдарды халыққа кеңінен танытып, насихаттап отырған жөн. Бұл істе ұлы Абайдың: «Өз қайратыңа сүйеніп еңбек ет, еңбек етсең қара жер де береді, құр тастамайды», деген сөздерін ұран етіп көтерген дұрыс. Сонда халық арасында қара жердің қасиетін тануға деген ұмтылыс туады. Бұрынғы «Шопандар тойы», «Малшылар слеті», «Сабан той» деген сияқты спорттық жарыстармен үйлестірілетін әдемі жиындар жаңа мазмұнмен толықтырылып, тұрақты өткізіліп тұрса да жастардың ауылға деген ынтызары артады.
Өзінің «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Әлеуметтік жаңғырту жо-лындағы айтарлықтай кедергі инфантилизм секілді кең тараған құбылыс болып табылады» деген еді. Өмірге деген осы жеңіл көзқарас, «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүруге дағдылану біздің қазақ арасында өткен ғасырдың 70-жылдарынан бері қатты «жабысты» деп айтуға болады. Ауылдағы ата-аналардың бәрі балаларын малшы болудан сақтандырып, тракторшы болудан шошындырып, «мұнда үсті-басың қап-қара, май-май болып жүргенше қалаға кетіп, таза жерде жұмыс істе» дегенге азғырумен болғаны жасырын емес. Тіпті ауыл шаруашылығы мамандықтарына оқытудан да балаларын тыйған ата-аналар бар. Мысалы, «зоотехник болсаң – малшымен бірдей жүресің», «агроном болсаң – ала таңнан тұрып-ап, дала кезесің» деген сияқты үркіткен сөздерді жиі естуге болатын. Осыған өткен ғасырдың 90-жылдарынан басталған «жабайы капитализмдегі» еңбекке деген теріс көзқарастың қалыптасуын қосыңыз. Бұл кезде «аз жұмыс істеп, көп табу», «ауадан ақша жасау» деген сияқты формулалар пайда болып, ол абсолюттік биікке көтерілді. Міне, осындайлардың кесірінен қазір жастардың бәрі қара жерден қол үзіп, нәпақасын басқа жерден табуға тырысуда.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының шеңберінде осы бір істі қолға алып, жастарды ауылда жұмыс істеуге, қара жерден ләззат алуға ұмтылдыруымыз керек. Сонда ғана біз еліміздің алдында тұрған азық-түлік бағдарламасын іске асыруға қол жеткіземіз, жеріміздің нәрін халық игілігіне айналдыра аламыз. Ал біздің жеріміз, ұқсата білген адамға өте бай, онда мал да өсіруге, дән де, жеміс-көкөніс те шығаруға болады. Осы орайда еврей халқының тағдыры туралы айта кеткен жөн. Олар Таяу Шығыстан жер алып, өз алдына мемлекет құрғанда алған жерлері туралы Израильдің бұрынғы Премьер-министрі Шимон Перес былай деген еді: «Біз өзіміздің жеріміз болғанын армандадық. Бірақ біздің қолымызға тиген жер – армандайтын жер емес еді. Бұл Таяу Шығыстың мыңнан бір бөлігі болатын. Оның үстіне бұл жер бізге құшағын жайған жоқ. Онда тек батпақ, шіркей, оңтүстігінде шөл, тастар болды. Бізге тек сыңсыған маса мен тақыр тастың бірін ғана таңдау керек болды. Басқа таңдау жоқ. Екі көл болды – оның біреуі өлі, екіншісі өлуге жақын. Атағы алысқа жайылған өзен болды, бірақ оның суы жоқ еді. Нақты айтқанда су мүлде болған жоқ.
Біз сол жерге келіп, не істеуді білмедік. Шын мәнінде білмедік. Сосын біз табиғаттың ең үлкен байлығы – адам деген қорытындыға келдік. Қорытындымыз бізді алдамады: ақыры бізде жер адамды емес, адамдар жерді байытты».
Міне, сол жерді қазір еврейлер адамға сенудің, адамның қабілетіне иек артудың арқасында жер жәннатына айналдырып отыр. Қазір олардың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) 36,5 мың АҚШ долларына тең. Бұл Таяу Шығыстағы ең жоғары көрсеткіш. Салыстыру үшін айтар болсақ біздегі ІЖӨ 7,4 мың доллар ғана.
Ал біздің жеріміз еврейлердің жерімен салыстырғанда «түгін тартса – майы шығатын» дейтіндей әлдеқайда құнарлы. Адамдарымыз да еврейлерден кем емес, біздің де олардікі сияқты екі қол, екі аяқ, бір бас, бір жүрегіміз бар. Тек соның бәрін іске қосып, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», жұмысқа жұмылдыра білуіміз керек.
Ауыл тұрғындарын, ауыл еңбеккерлерін дәріптеу, оларға зор құрмет көрсету бүгінгі таңда көптеген елдің мемлекеттік идеологиясына айналған. Мысалы, АҚШ-та да фермерлерге деген құрмет өте зор. Олардың тапсырыстары бірінші кезекте орындалады. Көптеген мемлекеттік қызметтер «фермерлерге кезексіз кіруге болады!» деп жазып қояды. Химиялық қоспалары бар «фастфуд» өнімдерден қашатын америкалықтар фермерлердің таза өнімдерін алуға құштар. Бұл елдің билігі жаңа жұмыс орындарын ауыл шаруашылығы саласында ашудың перспективасы жоғары екендігіне көздері жеткен. Қазір «бір фермер 75 адамды асырап отыр» деген сияқты ұрандар ауыл еңбеккерлеріне деген құрметті арттыра түсуде. Ал бізде керісінше, фермерлерді емес, үлкен корпорацияларды насихаттау көбірек, бірақ олардың жалпы өндірісі шағын қожалықтарға қарағанда әлі де мардымсыз. Мысалы, Қазақстанда өндірілетін сүттің 68 пайызын әлі күнге шағын фермерлер береді.
Ауылға жастарды тарту идеологиясын қызу жүргізумен қатар, мемлекет барлық өңірлерге, тіпті ең алыс түкпірлердегі қоныстарға дейін қатты жолдар тарту және шағын фермерлерге түрлі жеңілдіктер беру бағдарламасын да қолға алуы керек. Сонда ауыл жайнап, дала ойнап кетер еді ғой. Жастардың ауылға деген ынтызарлығы да, қара жерде жұмыс істеуге деген құлшынысы да артар еді.
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан»
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • Бүгін, 16:15
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • Бүгін, 16:14
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Бүгін, 16:14
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Бүгін, 16:13
Атырауда қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келгені анықталды
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 15:52
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 91%-ы цифрландырылды
Қоғам • Бүгін, 15:36
Жаттықтырушылардың кәсіби мерекесі 7 сәуірде атап өтілуі мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:30
«Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл өндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:23
Бір тәулік ішінде қар құрсауында қалған 132 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:18
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету үшін арнайы орталықтар ашылады
Қоғам • Бүгін, 15:08
Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 15:01
Шымкентте 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге болады
Аймақтар • Бүгін, 15:01
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Вакцинациядан кейінгі иммунитет, электронды паспорт жайлы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Алматылық студенттің ғылыми жобасы халықаралық байқауда бағаланды
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:27
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Бүгін, 14:25
Сенат Үкімет сағатының қорытындысы бойынша 20-дан астам ұсыныс дайындады
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Бүгін, 14:05
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Бүгін, 13:40
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Бүгін, 13:21
Шығыс Қазақстанда 2100 орындық 3 мектеп салынып жатыр
Білім • Бүгін, 12:58
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Бүгін, 12:49
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Бүгін, 12:41
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Бүгін, 12:40
Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 12:28
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Бүгін, 12:24
«Antiparacraft-2021»: Студенттер жемқорлыққа қарсы квест өткізді
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрысынан Қарулы Күштердің чемпионаты аяқталды
Спорт • Бүгін, 12:04
Алматыдағы NIS Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады
Қазақстан • Бүгін, 11:56
Ш.Қалдаяқовтың өмірі жайлы мюзиклдің премьерасы өтеді
Театр • Бүгін, 11:54
Түркия туристер үшін ПТР-анықтама талабын ұзартты
Әлем • Бүгін, 11:53
«Рақымшылық жасау туралы» заң жобасы талқыланады
Қоғам • Бүгін, 11:51
Алынған зейнетақы жинақтарынан жеке табыс салығы қалай ұсталады?
Қаржы • Бүгін, 11:39
Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейірім керек
Медицина • Бүгін, 11:32
Шымкентке биыл 330 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарлануда
Аймақтар • Бүгін, 11:25
«Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:21
Алматыда мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:19
СҚО ПД бастығы халықпен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:17
Бейбіт Атамқұлов қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының өкілдерімен кездесті
Экономика • Бүгін, 11:11
Банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:04
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Қазақстан • Бүгін, 11:00
Елімізде сұйытылған газдың бағасын уақытша реттеу тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 10:57
Парламентаризм институтының директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:39
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
Президент • Бүгін, 10:36
Сирек кездеседі, бірақ жалғыз емес: Орфандық аурулар туралы не білеміз?
Медицина • Бүгін, 10:32
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс депутаттары тауар белгілері туралы халықаралық келісімді қарайды
Парламент • Бүгін, 10:21
Ана мен баланы әлеуметтік қолдауға қанша қаражат бағытталды?
Қоғам • Бүгін, 10:17
Кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғау мәселесі талқыланды
Қоғам • Бүгін, 09:58
Алматыда Крылов атындағы балалар кітапханасы жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 09:56
Қытайға бару үшін виза беру мүмкіндіктері талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 09:41
Бүгін Нұр-Сұлтан және Көкшетау қаласының оқушылары қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:34
Шымкенттік ұстаз «даму» қоры арқылы оқу орталығын дамытқан
Білім • Бүгін, 09:30
Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады
Қазақстан • Бүгін, 09:28
Ахметжан Есімов БАӘ-нің әл-ауқат қорының басшылығымен кездесті
Экономика • Бүгін, 09:23
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:21
Коронавирусқа тағы 51 адам шалдықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Қазақстан-Қытай арасындағы консулдық консультациялардың 19-шы отырысы өтті
Саясат • Бүгін, 09:17
ҰБТ тапсыру ерекшеліктері «Ашық есік» күнінде талқыланды
Білім • Бүгін, 09:16
«Өрлеуде» инклюзивті білімге арналған курс ұйымдастырылды
Білім • Бүгін, 09:12
Астана мен Ақмола облысындағы оқушылар қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:08
Ұқсас жаңалықтар