Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2018

«Қазақтану» жобасы - рухани жаңғырудың жарқын үлгісі

1160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған республикалық лекторий аясында Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының кеңейтілген отырысы өтті деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.

«Қазақтану» жобасы - рухани жаңғырудың жарқын үлгісі

Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада өткен жиынды «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, ғылыми-сарапшылық топ жетекшісі Нұрлыбек Мыңжас жүргізіп отырды.

Жиында «Қасиетті Қазақстан» ҒЗО басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Берік Әбдіғалиұлы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» тақырыбында, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов «Ғасырлар дәстүрлерін сақтау: қазақтардың мәдени коды және толеранттылық» тақырыбында баяндама жасады.

Мазмұнды іс-шараға қатысқан азаматтар өз ұсыныстарын ортаға салды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы