27 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1437

165 рет көрсетілді
2011 жылғы 2 желтоқсан,   Астана, Үкімет Үйі Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру қағидаларын бекiту туралы «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 10-1-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру қағидалары бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы №1437 қаулысымен бекітілген Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының (бұдан әрi – Заң) 10-1-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзiрленген және конкурстық іс жүргізу мен оңалту рәсімі кезінде кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн (бұдан әрi – Тiзiлiм) қалыптастыру тәртiбiн анықтайды. 2. Конкурстық iс жүргiзу кезiнде Тiзiлiмдi қалыптастыру тәртібі 2. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында банкроттық рәсiмiнде конкурстық басқарушы Тiзiлiмді қалыптастырады. 3. Тізілімді қалыптастыру үшін конкурстық басқарушы өзі тағайындалған күннен бастап он күннен аспайтын мерзiмде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерінде борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы хабарландыруды жариялайды. 4. Борышкердi банкрот деп тану туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап екi айдан кешiктiрмей кредиторлар өздерінің талаптарын тізілімге қосу туралы өтініштерін, талаптар сомасы туралы (негiзгi қарыздың, сыйақының (мүдденiң), тұрақсыздық айыбының және өзге де айыппұлдар санкцияларының, шығындар сомасы туралы бөлек-бөлек) мәліметтерді және талаптар сомасын қамтуы тиіс дәлелді құжаттармен (соттардың күшiне енген шешiмдерi, шарттардың көшiрмелерi, борышкердiң қарызды мойындауы) қоса конкурстық басқарушыға ұсынады. Кредиторлардың шетелдiк валютамен көрсетiлген талаптары сот борышкердi банкрот деп тану туралы шешiмі қабылданған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бағам бойынша теңгемен есепке алынады. 5. Кредиторлар уақтылы мәлімдеген еркін нысандағы жазбаша өтінішті, сондай-ақ оларға қоса тіркелген осы Қағидалардың 15-23-тармақтарында көзделген құжаттарды конкурстық басқарушы олар тіркелген күннен бастап бір ай мерзімде қарастырады. 6. Тiзiлiмге конкурстық басқарушы даусыз, сондай-ақ дәлелдi деп таныған кредиторлар талаптары енгiзiледi. Борышкерден ақшалай қаражатты өндiрiп алу туралы заңды күшiне енген соттың шешiмi немесе атқару құжаттары бар талаптар даусыз болып табылады. 7. Конкурстық басқарушы кредиторлардың талаптарын қарастыру нәтижесi туралы талаптарды мойындау немесе мойындамау туралы шешiм қабылданған күннен кейiнгi күнi әрбір кредиторды жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Хабарламада кредиторлардың талаптарын конкурстық басқарушының қарауы аяқталатын мерзiм, кредитор талаптары сомасын және ол сома қосылған кезегін бекiту үшiн банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) қалыптастырылған Тiзiлiмнің жіберілетін күні көрсетiледi. Талаптарды конкурстық басқарушы толық көлемде немесе оның бір бөлiгiн мойындамаған жағдайда, мойындамау себептерi көрсетiледi. 8. Тізілім осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады. Тiзiлiм борышкердiң Бухгалтерлік балансына кредиторлық берешектi тарату негiзiнде қалыптастырылмайды. Талаптарды тиісті кезектегі Тізілімге енгізу үшін негіз болған кредиторлардың өтініштері болған кезде Тiзiлiм бекiтіледі. 9. Кредиторлардың талаптарын Тiзiлiмге енгiзу не олардың талаптарының сомасы туралы кредиторлар және конкурстық басқарушылар арасында туындайтын келiспеушiлiктердi тиiстi кредитордың мәлiмдемесi бойынша сот қарайды. Заңды күшiне енген сот шешiмi талапты Тiзiлiмге немесе Тізілімге түзетулер енгiзуге негiз болып табылады. 10. Кредиторлар бұрын сотқа мәлімдеген талаптар Заңның 71-бабының 1-тармағының екiншi абзацында көрсетiлген талаптарға жауап берсе, олардың талаптарын Тiзiлiмге енгiзуге болады. 11. Кредиторлар, өзiне берешек сомасы мен осы сомаға тиесiлi сыйақыны (мүдде), борышкер тарапынан мiндеттемелердi орындамаумен немесе тиiсiнше орындамаумен келтiрiлген шығындарды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсiмпұлдарды) төлеудi және өзге де айыппұл санкцияларын қамтитын талаптарды борышкерден талап етуге құқылы. 12. Тұрақсыздық айыбы (өсiмақылар, айыппұлдар) мен борышкер міндеттерінің барлық түрi бойынша сыйақы есептеу, борышкерді сот банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған сәттен бастап тоқтатылады және олар бойынша сома борышкердi сот банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған кезге анықталады. 13. Залалдардың, айыптардың (айыппұлдар, өсiмдер) және өзге де айыппұл санкцияларының сомасы борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданған кезге айқындалады. 14. Таратылатын борышкер өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жауап беретiн азаматтарға мерзімді төленетiн тиiстi төлемдерін капиталға айналдыру арқылы, жалақыдан және (немесе) өзге кiрiстен ұсталған алименттер бойынша талаптар Тізілімнің бiрiншi кезегіне енгізіледі. 15. Бiрiншi кезектегі кредиторлар талаптарын растайтын құжаттар: алимент бойынша – өтініш, берешегiнiң бар болуы туралы анықтама, берешегiнiң бар екендiгiн растайтын бухгалтерлiк құжаттар, сот шешiмi (бар болса); азаматтардың талаптары бойынша өмiрiне және денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапты болатын азаматтар капиталға айналдыру жолымен тиiстi мерзiмдi төлем – өтініш, медико-әлеуметтiк сарапшылар комиссиясының қорытындысы, қолайсыз жағдайлар туралы акт (заңды күшiне енген сот шешiмi бар болған жағдайда, міндетті емес), берешегiнiң бар екендiгi туралы анықтама, жеке куәлiгiнiң көшiрмесi, зейнетақы шартының көшiрмесi (зейнеткерлердi қоспағанда), әлеуметтiк жеке кодының немесе жеке сәйкестендiрiлген нөмiрi (зейнеткерлердi қоспағанда), берешегiнiң бар екендiгiн растайтын бухгалтерлiк құжаттар, берешек және капиталға айналдыру бойынша есеп айырысу, сот шешiмi (бар болған жағдайда) болып табылады. 16. Еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбегiне ақы мен өтемдер, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша еңбекақыдан ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу бойынша борыштарды өтеу, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақы төлеу жөнiндегi талаптар, Тізілімнің екiншi кезегіне мына жағдайларды қоспағанда енгiзiледi: 1) еңбек ақы мен өтемақы төлеу бойынша кредиторлардың банкроттық туралы өндiрiстiк iс қозғалғанға дейiн еңбекақы мен өтемақы төлеу бойынша бiр жыл iшiнде бұрынғы жалақымен салыстырғанда жалақының ұлғайған сомасының талаптары, Тiзiлiмiнде бесiншi кезек құрамында ескерiледi; 2) еңбек қатынастары банкроттық туралы iс жүргiзу басталғанға дейiн бiр жыл уақыт кезеңiнде пайда болған еңбек ақы мен өтемақы төлеу бойынша кредиторларлардың талаптары кредиторлар талаптары тізілімінің екінші кезегінің құрамында борышкерде банкроттық туралы iс жүргiзу басталғанға дейiн бiр жыл уақыт кезеңiне дейін қалыптасқан орташа айлық жалақыдан аспайтын мөлшерде немесе ұқсас лауазымдар мен мамандықтардың тарифтiк мөлшерлемесiмен есепке алынады. Талаптардың қалған сомалары (айыппұл, өсімпұлдар, индекстеу және басқалар) Тізілімінің бесінші кезегінің құрамында есепке алынады. 17. Екінші кезектегі кредиторлар талаптарын растайтын құжаттар: өтініш, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген тұлғаларға еңбек ақы мен өтемақыларды төлеу бойынша берешектің бар екендiгi туралы анықтама, сондай-ақ жеке табыс салығын, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу бойынша таратылатын борышкердің анықтамалары, міндетті зейнетақы жарналарының төленгендігі туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының анықтамасы, жеке куәлiгiнiң, зейнетақы шартының (зейнет­кер­лердi қоспағанда), әлеуметтiк жеке кодын немесе жеке сәйкестендiру нөмiрiн (зейнеткер­лердi қоспағанда) иемдену туралы куәлік көшiрмелері, салық есептілігі, берешектің барекенін растайтын бухгалтерлiк құжаттар мен есептілік, банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі 2 (екі) жылға (әр жылға жекелеп) еңбек ақы есептеу бойынша мәліметтер, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген тұлғаларға еңбекақы және өтемақы бойынша берешегiмен есеп айырысу, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу, табыс салығы, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақы, сот шешiмi (бар болған жағдайда) болып табылады. 18. Кредиторлардың таратылатын борышкердің кепiлмен қамтамасыз етiлген мүлкі, міндеттемелері жөніндегі талаптары қамтамасыз ету сомасы шегiнде Тізілімнің үшiншi кезегіне енгізіледі. Кепiлмен қамтамасыз етiлмеген бөлiгiнде, мiндеттемелер Тiзiлiмiнде бесiншi кезектегi талаптар құрамында ескерiледi. 19. Үшінші кезектегі кредиторлар талаптарын растайтын құжаттар: өтініш, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген кепiл шарттары, кредитор мен борышкер арасындағы өзара есептесуді салыстыру актiлерi және таратылатын банкроттың мүлкін кепiлдеумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердiң қамтамасыз ету сомасы шегiнде бар екенін растайтын басқа да құжаттар, түгендеу тiзiмi, сот шешiмi (бар болған жағдайда) болып табылады. 20. Тізілімнің төртiншi кезегіне салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешек енгізіледі. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша талаптардың сомасын анықтаған жағдайда банкроттық туралы iс жүргiзу қозғалған кезден пайда болған борышкердiң салықтық берешегi ескерiледi. 21. Төртінші кезектегі кредиторлар талаптарын растайтын құжаттар: өтініш, салыстыру актiлерi, сот шешiмi (бар болған жағдайда) болып табылады. 22. Тізілімнің бесiншi кезегіне азаматтық-құқықтық мiндеттемелер бойынша, соның iшiнде кредиторларға тиесiлi сыйақы (мүдде), кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлар талаптарын қоспағанда, Заңның 78-бабының 2, 3-тармақтарында көзделген жағдайларда еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген тұлғаларға еңбекақы мен өтемақы төлеу жөнiндегi кредиторлардың талаптары, және заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының), сондай-ақ Заңның 79-бабы­ның 3-тар­мағында және 80-бабының 3-тармағында белгiленген басқа кезектегi кредиторлар талаптары енгізіледі. 23. Бесiншi кезектегі кредиторлар талаптарын растайтын құжаттар: өтініш, шарттар, iстелген жұмыстарды, қызметтердi жеткiзу актiлерi, бухгалтерлiк құжаттар, сыйақы, борышкердiң мiндеттемелердi орындамауынан немесе тиiсiнше орындамауынан шыққан шығындар, тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсiмақылар), борышкердің қарызды мойындауын растайтын өзара есептесуді салыстыру актiлерi, сот шешiмi (бар болған жағдайда) болып табылады. Кредиторлар талаптарын растайтын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген құжаттарды ұсынуға болады. 24. Конкурстық басқарушы, борышкердi банкрот деп тану туралы соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап төрт айдан кешіктірмей уәкiлеттi органға бекiту үшiн қалыптастырылған тiзiлiм, сондай- ақ олардың талаптарын қарау нәтижесі бойынша кредиторларға жолданған хабарламаларды қоса отырып, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш жолдайды. 25. Конкурстық басқарушы Тізілімнің әр кезегі бойынша, құжаттары хронологиялық тәртiппен немесе қисынды жүйелiлiкте, жобалық жазбасыз және артық нұсқаларсыз тiгілетiн дара iс қалыптастырады. Әрбiр iстiң тақырыбы (титул парағы) кезек атауын қамтиды және қысқаша түрде мазмұнын айқындайды. Әр iс тігіледі (бауланады), нөмірленеді және артқы бетiнде борышкердiң мөрiмен (жоқ болған жағдайда – конкурстық басқарушы жеке кәсiпкердiң мөрiмен) куәландырылады және оған конкурстық басқарушы қол қояды. Iстiң бiрiншi бетiнде орналасқан тiзiмдемесін қосқанда, іс 250 парақтан көп болмайды. Құжаттар көлемi үлкен болған жағдайда, беттерiне дербес нөмерлерi қойылған жеке iс ретiнде томдар жасалады. Томдардан тұратын (олардың реттiк нөмiрлерi көрсетiлген) iстiң атауында (кезектердің атауы көрсетiлген) осы томның ерекшелiктерiн сипаттайтын ақпарат болады. 26. Осы Қағидалардың 25-тармағындағы талаптарға сәйкес ресiмделген 24-тармақта көрсетілген құжаттарды конкурстық басқарушы уәкiлеттi органға қабылдап алу-беру актiсi бойынша бекіту үшін тапсырады. 27. Тiзiлiм уәкiлеттi органның ескертулерi және кредиторлардың, құрылтайшылардың (қатысушылардың) қарсылығы болмаған жағдайда құжаттарды берген уақыттан бастап бiр аптаның iшiнде бекiтiледi. 28. Осы Қағидаларда көрсетiлген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, конкурстық басқарушы оларды алған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде жоюға тиіс сәйкессіздіктің жазбаша негіздемесімен, уәкiлеттi орган басшысының шешiмi бойынша, құжаттар пысықтау үшін керi қайтарылады. Уәкiлеттi органның ескертулерiн және кредиторлардың, құрылтайшылардың (қатысушылардың) қарсылығын ескере отырып, конкурстық басқарушы пысықтап қайта ұсынған Тізілім, құжаттарды қайта ұсынған кезден бастап күнтізбелік жеті күн iшiнде бекiтiледi. 29. Тiзiлiмдi бекiту туралы уәкiлеттi органның бұйрығы екi данада шығарылады, оның бiрі конкурстық басқарушыға жолданады, екiншiсі уәкiлеттi органда сақталады. Тiзiлiмдi бекiту туралы бұйрық шыққаннан кейiн уәкiлеттi органның жауапты тұлғасы және конкурстық басқарушы Тiзiлiмнiң әр бетiне қол қояды. Тiзiлiмнiң бiр данасы уәкiлеттi органда қалады, ал екiншi данасы конкурстық басқарушыға берiледi. 30. Тiзiлiмдi бекiткеннен кейiн уәкiлеттi орган конкурстық басқарушының берген құжаттарын қабылдап алу-беру актiсi бойынша керi қайтарады. 31. Уәкілетті орган бекiткен Тiзiлiмге өзгерістер мен толықтырулар: 1) тиісті кредитордың мәлімдемесі бойынша сот қарайтын, Тізілімге енгізу не олардың талаптары сомасы туралы кредиторлар және конкурстық басқарушы арасында туындайтын келіспеушіліктер болған; 2) кредиторлар талаптарын борышкердің банкрот деп танылғандығы туралы хабарлама жариялағаннан кейін екі ай мерзім өткеннен кейін мәлімдеген жағдайларда енгізіледі. 32. Астық қабылдау кәсiпорны кредиторларының талаптары Тізілімге мынадай кезекпен енгізіледі: 1) бiрiншi кезекке өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн таратылушы астық қабылдау кәсiпорны алдында жауапкершiлiкте болатын азаматтардың талаптары енгізіледі; 2) екiншi кезекке еңбек шарты бойынша жұмыс iстеушi (істеген) адамдардың еңбекке ақы төлеу бойынша талаптары енгізіледі; 3) үшiншi кезекке кепiл туралы мәлiметтерi бар астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары енгізіледі; 4) төртiншi кезекке кепiл туралы мәлiметтерi жоқ астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптары енгізіледі; 5) бесiншi кезекке кредиторлардың таратылатын астық қабылдау кәсiпорнының мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер жөнiндегi талаптары енгізіледі; 6) алтыншы кезекке бюджетке төленетiн салық және мiндеттi төлемдер бойынша берешек енгізіледі; 7) жетiншi кезекке Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес басқа кредиторлардың талаптары енгізіледі. 33. Мақта өңдеу ұйымы кредиторларының талаптары Тізілімге мынадай кезектiлiкпен енгізіледі: 1) бiрiншi кезекке өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн таратылатын мақта өңдеу ұйымы жауапты болатын азаматтардың талаптары тиiстi мерзiмдiк төлемақыларды капиталдандыру жолымен енгізіледі; 2) екiншi кезекке жеке еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн (істеген) адамдармен еңбекақы, жалақыдан ұсталған алименттердi және мiндеттi зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiндегi берешектер төлемi бойынша талаптар енгізіледі; 3) үшiншi кезекке кепiлдiк туралы мәлiметтерi бар мақта қолхаттарын ұстаушылардың талаптары; мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеуге байланысты мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қорының жүргiзiлген төлемдер бойынша болашақтағы талаптары енгізіледі; 4) төртiншi кезекке кепiлдiк туралы мәлiметтерi жоқ мақта қолхаттарын ұстаушылардың талаптары енгізіледі; 5) бесiншi кезекке таратылатын мақта өңдеу ұйымының мүлiк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерi бойынша кредиторлардың талаптары қамтамасыз ету сомасы шегiнде енгізіледі; 6) алтыншы кезекке салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешек енгізіледі; 7) жетiншi кезекке Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да кредиторлар талаптары енгізіледі. 3. Оңалту рәсiмi кезiнде Тiзiлiмдi қалыптастыру тәртібі 34. Оңалту рәсімінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында оңалтушы басқарушы Тiзiлiм қалыптастырады. 35. Оңалту рәсiмi енгiзілгеннен кейiн кредиторлардың талаптарын дәлелдi деп тануды оңалтушы басқарушы жүзеге асырады. 36. Залалдардың, айыптардың (айыппұлдар, өсiмпұлдар) және өзге де айыппұл санкцияларының сомасы оңалту рәсiмiн енгiзген кезге айқындалады. 37. Кредиторлардың өтініштерін қарауды, Тізілімді қалыптастыруды және уәкiлеттi органға бекiтуге жолдауды осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27 және 28-тармақтарында белгiленген тәртiппен оңалтушы басқарушы жүзеге асырады. Кредиторлар талаптары тiзiлiмiн қалыптастыру қағидаларына 1-қосымша ___________________________________________________ (атауы/таратылған (оңалтылатын) борышкердiң Т.А.Ә.) кредиторлар талаптарының тiзiлiмi Рс №    Кезегi, Т.А.Ә/ кредитордың атауы    Талап етiлген берешек сомасы (теңге)    Конкурстық (оңалтушы) басқарушының шешiмi    Қабылданған шешiм бойынша конкурстық (оңалтушы) басқарушының негiздемесi    Ескерт-пе Танылған және тiзiлiмге енгiзiлген сома (теңге)    Танылмаған (қабылданбаған) сома, (теңге) 1    2    3    4    5    6    7 1.    Бiрiншi кезек 1.1    Азаматтардың өмiрiне және денсаулығына залал келтiргенi үшiн жауапты болатын азаматтардың талаптары 1.1.1 ... Жиыны: 1.2    Еңбекақыдан және (немесе) өзге де алимент төлемдерiнен ұсталғандар 1.2.1 ... 1    2    3    4    5    6    7 Жиыны: Бiрiншi кезек бойынша жиыны: 2.    Екiншi кезек 2.1    Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн азаматтарға еңбекақы және өтемақы, сондай-ақ, авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiндегi берешектер төлемi бойынша есеп айырысу 2.1.1 ... Жиыны: 2.2    Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектер 2.2.1 1    2    3    4    5    6    7 ... Жиыны: 2.3    Жалақыдан ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек 2.3.1 ... Жиыны: 2.4    Жалақыдан ұсталған табыс салығы бойынша берешек 2.4.1 ... Жиыны: Екiншi кезек бойынша жиыны: 3.    Үшiншi кезек: 3.1 ... Үшiншi кезек бойынша жиыны: 4.    Төртiншi кезек: 4.1 ... 1    2    3    4    5    6    7 Төртiншi кезек бойынша жиыны: 5.    Бесiншi кезек: 5.1    Негiзгi төлемдер, сыйақылар (мүдделер) 5.1.1 ... Жиыны: 5.2    Залалдар, тұрақсыздық төлемдерi (айыппұлдар, өсiмақылар) 5.2.1 ... Жиыны: Бесiншi кезек бойынша жиыны: 6.    Мерзiмi өтiп кеткеннен кейiн мәлiмделген талаптар (бiрiншi және екiншi кезектегi кредиторларды қоспағанда) 6.1 ... Жиыны: 1    2    3    4    5    6    7 Тiзiлiм бойынша жиыны: _________________________ (атауы/борышкердiң Т.А.Ә.) Конкурстық (оңалтушы) басқарушы         _______               _______________________ (қолы)         (Т.А.Ә) М.О. Кредиторлар талаптары тiзiлiмiн қалыптастыру қағидаларына  2-қосымша ___________________________ (уәкілетті органның атауы) Өтiнiш ______________________________ сотының «___» __________ 20____ ж. шешiмiмен (ұйғарымымен) ________________________________________ (атауы/борышкердiң Т.А.Ә) банкрот деп танылды және конкурстық iс жүргiзу туралы iс қозғалды, оңалту рәсiмi қолданылған. (қажеттісін көрсету қажет) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 14) тармақшасына және 73-бабына сәйкес ____________________________________________________________________ (атауы/борышкердi Т.А.Ә.) Тізілімді растайтын құжаттарын тіркей отырып, кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн бекiтуге ұсынамын. Қосымша: 1. Кезек бөлiнiсiнде түсiніктемемен бiрге кредиторлар талаптарының тiзiлiмi 2 данада, әрқайсысы ____ бетте. 2. Берешектi растайтын құжаттар (сот шешiмi, салыстыру актiлерi, шарттар және т.б.) ____ бетте. 3. Жиыны ______ iстер нөмірленіп, бауланған, менiң қолыммен және (саны) мөрiммен куәландырылған. 4. Өзгелерi ____ бетте. __________________________ (атауы/борышкердi А.Т.Ә) Конкурстық (оңалтушы) басқарушы _____________ _______________________ (қолы)                       (Т.А.Ә) М.О.
Соңғы жаңалықтар

Марафон несімен маңызды?

Әлем • 26 Қыркүйек, 2021

Тағдыры темірдей шыңдаған қайраткер

Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2021

Шектеуде ширыққан шағын бизнес

Бизнес • 26 Қыркүйек, 2021

Пяндж өзеніндегі ерлік

Тарих • 26 Қыркүйек, 2021

Еңбекпен есейген ер

Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2021

Вакцина коронавирус қаупін сейілте бастады

Коронавирус • 26 Қыркүйек, 2021

Бейтаныс сағыныш

Әлем • 26 Қыркүйек, 2021

Astana Open турнирі аяқталды

Спорт • 26 Қыркүйек, 2021

Шекарашылар элиталық әскер болса...

Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2021

Ұлыбританияда таныстырылады

Оқиға • 26 Қыркүйек, 2021

Облыс орталығының дені ауыз сусыз отыр

Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2021

Мұрағаттардың халі мүшкіл

Қоғам • 26 Қыркүйек, 2021

Нұр-Сұлтан әуежайында түтін шықты

Елорда • 26 Қыркүйек, 2021

Жалғыздық аралы

Кино • 26 Қыркүйек, 2021

Теннис: Astana Open турнирі аяқталды

Спорт • 26 Қыркүйек, 2021

Елордада қар жауады

Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2021

Балалар алаңындағы ТЖ: бала есін жиды

Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2021

Қарағанды-Балқаш тас жолы жөнделуде

Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2021

Алматыда кітап фестивалі өтіп жатыр

Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2021

Мәскеуде жеті жүлде алдық

Спорт • 26 Қыркүйек, 2021

Елордада Astana Marathon-2021 өтіп жатыр

Елорда • 26 Қыркүйек, 2021

Бүгін машина жасау күні

Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2021

Қызылорда облысы «жасыл» аймаққа өтті

Коронавирус • 26 Қыркүйек, 2021

Қанша қазақстандық вакцина салдырды?

Коронавирус • 26 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі

Қазақстан • 26 Қыркүйек, 2021

Ұқсас жаңалықтар