Тамаша тарихшы, ұлағатты ұстаз

Қазақстан тарихының шетелдік тарихнамасының негізін қалаушы, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Көшім Лекерұлы Есмағамбетов биыл сексеннің сеңгіріне шығатын еді, тағдыр оны бұйыртпады. Бәлкім, толассыз тірлік, тынымсыз еңбек те із-түзсіз кетпеген шығар.

Егемен Қазақстан
18.09.2018 2284
2

1965 жылы П.Лумумба атындағы Халықтар достығы уни­верситетін тарихшы және ағылшын тілінің аудармашы­сы мамандықтары бойынша үздік бітірген Көшім 2002 жыл­дарға дейін Алматы қала­сындағы жоғары оқу орындарында ұстаздық етіп, Сыртқы істер министрлігінде бөлім мең­герушісі, «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар орталығының жетекшісі, Құ­жаттану және мұрағат ісі бойын­ша ғылыми-техникалық ақпа­рат орталығының директоры т.б. қызметтер атқарды. 2003 жылдың қаңтарынан 2016 жылы бұл дүниеден озғанша Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану инсти­тутының шығыстық деректану, Шығыс халықтарының тарихы мен мәдениеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері болды.

К.Есмағамбетовтің қоғамдық һәм саяси еңбек жолы оның еліміздің рухани өмірін дамытуға орасан үлес қосқан ірі тарихшы-ғалым екендігін айқын танытады. Өткен ғасырдың 70-жылдарының өзінде-ақ ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға ерекше үлес қосып, республикада эн­­циклопедиялық әдебиетті дайындап, басып шығаруға үлкен күш-жігер жұмсады. 13 томдық «Қазақ КСР энциклопедиясын», «Қазақстан КСР энциклопедия­сын», «Қазақ КСР» қысқаша энциклопедиясын (4 томдық, қазақ және орыс тілдерінде), «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясын, «Философиялық сөздік» т.б. басылымдарды дайындауға қатысты. Оның ғылыми-әдіс­намалық жетекшілігімен «Қазақ­стан тарихы мен мәдениетінің ес­керткіштері жинағы» атты ір­гелі еңбек жарық көрсе, «Ақ­мола», «Батыс Қазақстан облысы», «Солтүстік Қазақстан облысы» атты аймақтық энциклопедияларды шығаруға қосқан еңбегі қомақты. Сондай-ақ ол еліміздің мұрағат мекемелерімен қоғамдық негізде қарым-қатынаста болып, тарихи дереккөздердің сақ­талуына және олардың то­лық­тырыла түсуіне ұзақ жылдар көмек көрсетіп, «Егемен Қа­зақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі» және басқа да мерзімді баспасөз беттерінде «Мә­дени мұра» мемлекеттік бағ­дар­ламасын насихаттауға бел­сене қатысты. Тұңғыш редак­торы ретіндегі «Қазақстан мұра­ғат­тары» журналының қалып­тасуы да оның есімімен тығыз байланысты.

Отандық тарих ғылымының басым бағыттарын зерттеу­де ай­рықша еңбек еткен К.Есма­ғамбетов 30-ға тарта кітап пен 200-ден аса ғылыми ма­қа­ла жа­зып, жарыққа шығарды. Оның ғы­лыми кадрларды да­йын­дау­дағы рөлі де айрықша, 13 ғы­лым кандидаты мен 9 докторы Көшекең қолынан үлкен ғы­лымға жолдама алған еді.

Соңғы кездері Көшім Ле­кер­ұлы Есмағамбетовтің шы­ғар­­машылық еңбегінің бас­ты саласы – берісі Түркістан ай­ма­ғының, арысы бүкіл түркі жұртының тәуелсіздігін ту еткен, ғұмырының соңғы күреске толы жиырма жылдан астамын сонау Еуропаның төрінде өткізген Мұстафа Шоқайдың (1890-1941) өмірі мен қызметін зерттеу болды. Ол шетелдік мұрағаттар мен кітапханаларда сақталған, ком­мунистік қыспақтан шетелде тұруға мәжбүр болған аса­ ірі саяси қайраткердің Ке­ңес Одағындағы түркі халық­та­ры туралы, оның ішінде тұ­тас Түркістан аймағындағы қай­­шылықты болмысты, про­летарлық Ресейдің озбыр саясатын әшкерелеу үшін Ыстанбұл, Париж, Берлин, Лон­донда сөй­леген сөздерін, жасаған баяндамаларын, батыстық басылымдарда жарияланған мақа­лаларын зерделеп, 30-ға тарта ғылыми мақала жазды. 2006 жылы екі томдық «Мұстафа Шоқайдың эпис­толярлық мұрасы» атты жи­нақты шығаруға ғылыми жетек­шілік етіп, 2008 жылы кө­лемі 30 баспа табақтан астам «Әлем таныған тұлға» атты моно­гра­фиясын шығарып, Мұстафа атын азын-аулақ білетінді де, оны арнайы зерттеу объектісі еткен­дерді де елең еткізді. Шын мәнісінде, бұл еңбекте шынайы гуманист, қажырлы да қай­сар тұлғаның саяси қызметі, қаламы жүйрік публицист ре­тін­де әлемге танылғандығы жан жақты дәлелденді. Бұрын әр қырынан зерттеліп жүрген атақ­ты саясаткердің шынайы ада­ми, күрескерлік һәм шығар­ма­­шылық болмысы барынша ашы­лып, күрделі тұлға өз тұғы­рына қонғандай болды. Осы монографиясы үшін Көшім Ле­кер­ұлы Есмағамбетов 2009 жылы Ш.Уәлиханов атындағы сый­лық­пен марапатталды. Бұл еңбек түрік тіліне аударылып, «Отукен» (Ыстанбұл) баспасынан жарық көрді.

2012-2014 жылдар ара­лы­ғын­да ерекше шығармашылық қай­раттың иесі Көшім Лекерұлы жетекшілігімен жалпы көлемі 400 баспа табақ болатын 12 томдық Мұстафа Шо­қай мұрасының толық жина­ғы шықты. Оның ең басты жетістігі мен ерекшелігі Франциядағы жеке мұрағаттық қорынан, Өзбекстан, Қазақстан, Германия, Түркия және т.б. елдердің мұрағатынан алынған қазақ, орыс, түрік ша­ғатай, ағыл­шын, француз, неміс, поляк, грузин және өзбек тіл­де­ріндегі шығармалардың түп­нұ­с­қа күйінде тұңғыш жарық көр­гендігінде. Жеке мұрағаттық қордан алынған материалдар да бай әрі қызғылықты еді. Мұның үстіне М. Шоқайдың 40 шамалы бүркеншік есімі болғанын, оны анықтаудың да оңай болмағанын ескерте кеткен артық болмас.

Отандық мұстафатану ғылы­мына қосылған теңдесі жоқ бұл толымды жинақтың бірегейлігі мен жоғары деңгейлігін бірнеше фактормен анықтауға болады. Біріншіден, бұл шығармашылық мұраны келер ұрпақтарға бұр­малаусыз, түпнұсқа күйінде жет­­­кізуге мүмкіндік берді. Екін­­­­шіден, көптомдық өзінің құ­­­ры­­лымымен де, дайындалу жолымен де ерек­шеленеді. Оның бірінші томы М.Шо­­қай­­дың өмірі мен қызметіне ар­нал­ған да, қалған томдарын­да шы­ғар­машылық және эпис­толярлық мұралар берілген. Үшін­­шіден, зерттеушінің терең білімді, өзіндік әдіс тәсілі қалып­тасқан зерделі тарихшы екендігі. Мұны он екі томдықтың өн бойынан тануға болады.

Көшім Лекерұлы ұлы күрес­кердің ұлттық қозғалыстың ұйым­дық негіздерін қалау, оның стратегиясы мен тактикасын айқындау, азаттық пен тәуел­сіздікке бастайтын ең төте һәм қысқа жол ең алдымен жалпы бірлік атаулының ұясы Түр­кіс­танның ішкі тұтастығын ны­ғайту, бұл бірлікті бүкіл түркі бірлігіне ұластыру, одан езілген халықтардың бір тұтас майданына шығу турасындағы Мұстафа Шоқайдың қажырлы еңбегін терең зерттеп, оны тамаша тарихшы, әлеуметтанушы, саясаттанушы, халықаралық деңгейдегі саяси сарапшы ретінде айқын көрсетіп, ғылыми мәні зор тұжы­рымдар мен қағидатты қоры­тындылар жасады.

Ерен шығармашылық қыз­меттің иесі, жауапкершілігі мол, ғылымға адал, кейде әділеттілікке барам дегені кейбіреулерге ұнай бермейтін Көшім Лекерұлы Есмағамбетов Қазақстан тарихнамасына өлшеусіз үлес қосып, Алаш алыптарының бірі Мұстафа Шоқай туралы өшпес бай мұра жасаса да ерекше қарапайым, өз ісіне шынайы берілгендігімен, айрықша еңбекқорлығымен, биік өресімен замандастар арасында белгілі болатын, алда да  бі­ле­тіндер жадында осылай қала беретініне сеніміміз мол.

Әбдіжәлел БӘКІР,

саяси ғылымдар докторы,

профессор

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу