Біріншіден, ақпаратта айтылған асарлатып салынған жатақхана индустриалды-техникалық колледжге емес, Арал көпсалалы колледжіне тиесілі. Индустрилды-техникалық колледжінің студенттеріне арналған жатақхана болмаған.
Екіншіден, Білім басқармасы тарапынан қызметтік тексеріс барысында Арал көпсалалы колледжінің барлық қажетті құжаттары (мемлекеттік акт, техникалық паспорт және оқу орнының бұйрығы) бар екені анықталды. Мемлекеттік акт 25.04.2013 жылы, техпаспорты 23.02.2007жылы жасалған.
Осылайша, колледж жатақханасының көптеген жылдар бойы ресми құжаттарсыз жұмыс істеп жатқаны туралы ақпарат заңсыз дейді Білім басқармасы.
Әсілінде, жатақхана ғимаратының заңсыз салынғанын қоғамдық бақылау өкілдері, атап айтқанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанындағы мониторингтік топ анықтаған болатын.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы