Бизнес • 19 Қыркүйек, 2018

Алматыда «ANQ 2018» XVI Азия Сапа Конгресі өтуде

59 реткөрсетілді

Қазақстан Сапа және Инновациялық менеджменті ұйымы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Азия сапа желісі (Asian Network for Quality) ұйымдастыруымен Алматыда «Ақпараттық технологиялар дәуіріндегі Сапалы Көшбасшылықтың болашағы» ұстанымында XVI Азия Сапа Конгресі басталды.

Конгресс жұмысына Азияның, АҚШ-тың және Еуропаның 20 елінен 200-ден астам өкілдер келді. Олардың қатарында әлемнің жетекші университеттерінің ғалымдары, ұлттық сапа ұйымының өкілдері, сондай-ақ бизнес-құрылымдардың менеджерлері бар.

Конгрессті Азия сапа желісінің президенті Азат Әбдірахманов құттықтау сөзімен ашып, сөз кезегін қатысушыларға ұсынды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов «Атамекен» ҰКП төрағасы Асқар Мырзахметовтың қатысушыларға арнаған сөзін оқып, сапа саласына қатысты бұл конгресстің маңызын атап өтті.

Ал, өз кезегінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев Азия сапа желісінің сапа менеджментіне қатысты шаралары дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы тәжірибелерді игеруге ықпалдасатындығына тоқталды.

Конгресс жұмысы дүниежүзіне танымал сапа менеджменті саласындағы кәсіпқой мамандар профессор Нориаки Кано (Жапония),  Клаес Берлин (Швеция), Мохамед Заири (Ұлыбритания), Лин Хай (Қытай), Ван Сеон Шин (Оңтүстік Корея) және т.б. сапа менеджментіндегі жүйелі әрі озық әдістерге негізделген тәжірибелерімен жалғасын тапты.

Компанияларды басқарудың ең озық тұжырымдамасымен таныстыруға, көшбасшылыққа қол жеткізу, бәсекеге қабілеттілік саласында үздік дүниежүзілік практикалық тәжірибесі туралы ақпарат тарату мен өндіріс орындарының өнімдері мен көрсететін қызметтеріне бағытталған конгресс барысында ANQ Басқарма төрағасы Азат Абдрахманов, «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов және ANQ құрметті президенті Нориаки Кано  қазақстандық бизнесмендер, кәсіперлер үшін сапа саласында жетістіктерге жетуге бағытталған жетістіктерді енгізу туралы ынтымақтастық Келісіміне қол қойды. ANQ құрметті президенті Нориаки Кано  саладағы үздік менеджерлерге арнайы сыйлық тапсырды.

2002 жылы құрылған Азия сапа желісі (ANQ) Азияда негізгі миссиясы ғылым мен техниканың прогресіне көмектесу, өнеркәсіптің дамуы мен адам өмірінің сапасын жақсартуға атсалысатын ұйым болып табылады. Оған Азияның 17-ден астам мемлекетінің Ұлттық сапа ұйымдары кіреді, оның ішінде: Қазақстан, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей, Сингапур, Жапония, Таиланд, т.б. бар. Азия сапа ұйымын құрудың бастамашысы сапа менеджментінің білгір маманы – Нориаки Кано.

Осы іс-шараға қатысу үшін Қазақстан аймақтарынан бірқатар компания өкілдері де қатысуда.  Конгресс кәсіпорындарды басқаруда, инновацияларды пайдалану мәселелеріне орай тәжірибе алаңы болып табылады әрі болашақта сапалы өнім қатарын көбейтіп, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Конгресс шеңберінде кәсіпорындар арасында ынтымақтастыққа қол жеткізу мақсатында қазақстандық өндірушілердің көрмесін өткізілуде.

 

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ереймендегі ел мұрасы екшелді

Руханият • Бүгін, 12:20

Қарттарға кітап сыйлады

Қоғам • Бүгін, 12:14

Фронт-офис ашық алаңға айналады

Аймақтар • Бүгін, 12:13

Ұқсас жаңалықтар