Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2018

Шыны зауытында 4 нысанның жұмысы жүріп жатыр

114 реткөрсетілді

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қаладағы шыны зауытының құрылыс алаңына барып, іске қосылатын барлық 4 нысанның құрылыс жұмыстарымен танысты.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қаладағы шыны зауытының құрылыс алаңына барып, іске қосылатын барлық 4 нысанның құрылыс жұмыстарымен танысты деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 17 мердігер компаниядан 240-қа жуық адам жұмыс істеп жатыр.

Бюджеттік қаражат есебінен шыны зауытына қажетті барлық инфрақұрылым жеткізіледі. Бүгінгі таңда газ құбырының екі тармағы, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, электр желілері, жолдар мен байланыс желілері тартылды.

Ағымдағы жылдың қараша айына дейін темір жолдың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Бұған дейінгі серіктестігі өзгерген зауытқа «Чайна Триумф» компаниясы күн батареялары, смартфондар мен планшеттер ( қуаттылығы күніне 250 тонна ультра жұқа шыны өндіретін зауыт ) үшін пайдаланылатын өте жұқа әрі ультра мөлдір шыны өндіру үшін инвестор ретінде қосылды.

Жаңа жобаның құны шамамен 150 миллион АҚШ долларын құрайды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Кеше

Қаламның қарагері

Руханият • Кеше

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар