Медицина • 20 Қыркүйек, 2018

Жолақыны SMS немесе QR-кодтар арқылы төлеудің нәтижелері

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана LRT қоғамдық көліктегі жол жүру ақысын төлеудің өзге жолдарын енгізудің нәтижелерімен бөлісті.

Жолақыны SMS немесе QR-кодтар арқылы төлеудің нәтижелері

«Қыркүйек айында 17 мың жолаушы жол жүру ақысын смс немесе QR-кодтар арқылы төлеп үлгерген. Адамдар көлік карталарына ақша салып, кейде төлемді жылдам енгізе алмайтын кездер болады. 180 теңге төлемес үшін SMS немесе QR-код арқылы төлем жүргізу жолын енгіздік. Адамдар жол ақысын төлеудің осы түрін қазір жиі пайдалана бастады», - деді ұйымның баспасөз хатшысы Науат Азанбаева.

Еске сала кетсек, қоғамдық көліктердегі жол ақысын төлеудің бұл жолдары 2017 жылдың қыркүйек айында енгізілген болатын. Жолақыны QR-кодпен төлеу «SMSBus Жолаушы», «Мой Beeline» (егер Beeline абоненті болсаңыз), Homebank (егер сізде Halyk Bank және Qazkom карталары болса) мобильді қосымшалары арқылы жүргізіледі.

Бұған дейін Н. Азанбаева мәлім еткендей, Homebank арқылы төлегенде ақша сіздің телефон теңгеріміңізден немесе банк картаңыздан алынады. Ал «Мой Beeline» қосымшасында - нөміріңіздің балансынан алынады. Тele2 және Altel абоненттері Halyk Bank (Qazkom) клиенттері болған жағдайда Homebank қосымшасын қолдана алады.