Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2018

Қоқыс өңдейтін цех ашар едім - Сергей Привалов

217 реткөрсетілді

Қарға адым жерді мұң қылған денсаулығының кінәратына қарамай, бала күнінен киіктің асығындай шымыр, әманда алып ұшып алға ұмтылып тұратын ширақ болып өсті. Мектепте тәуір оқыды. Кем болса да қатарынан қалғысы келмеген. Державинск қаласындағы кәсіптік-техникалық колледжде бағдарламашы мамандығын игерді. 

Ешкімге алақан жайдырмайтын, күн көрісін айыратын кәсіп іздеген. Тыңнан соқпақ салмақ. Әлі ешкім қолға алмаған ілкімді шаруаға ілініп кетсе жарар еді. Елдегі кәсіпкерлермен ақылдасып, замана аужайын аңдаған. Ғаламторды да сан рет сүзіп өтті. Қолынан келеді-ау деген бірталай жұмыстардың жай-жапсарын көңіл елегінен өткізген. Ақыры тапты. Қала ішіндегі кішігірім қойманы жалға алып, бей-берекет шашылып жататын картон қағаздарын, аяққа оралып ыбырсыған пластик бөтелкелерді, тесіліп, жарамсыз болып қалған темір ыдыстарды  жинай бастады.

Біреудің шаруасына біреу қарайласа қоя ма, ешкімнен жәрдем тілеген жоқ.  Қала ішін аралап, өзіне қажетті шикізат іздеуге кірісті. Ісі оңынан оңғарылған соң теңгелеп болмаса да тияндап қор жинала бастаған. алғашқы ақшасына велосипед сатып алды. Оған зат салатын арнайы жәшіктер орнатты.

Өткен жылдың күзінде «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалына көмек сұрап келген. Ондағылар бетін қайтарған жоқ. Қайта жағдайын түсініп, жанашырлық көрсетті. Қажетті құжаттарды жинастырып, қойманы сенімгерлікпен пайдалануға қол ұштарын созды.

–Сергей өз жұмысын картон жинаудан бастап еді. Ел ішінде мұндай зат толып жатыр ғой. Жинауы қиын болмағанымен, облыс орталығына жөнелту  ауыр болып тұр,–дейді аудандық партия филиалының кеңесшісі Әділ Нұрбеков.

Екінші топтағы мүгедек Сергей Привалов «Бастау бизнес» бағдарламасына құжаттарын тапсырып қойған. Алдағы уақытта несие алып, бизнесімді кеңейтсем деген ниетте.

–Алдымен қоқыс өңдейтін цех ашар едім,–дейді жас кәсіпкер,–бұл ісім бір жағынан өзіме пайдалы болса, екінші жағы қала тазалығына да септігін тигізеді емес пе. Ат көпір болып жатқан қоқыс атаулыны кәдеге жаратып, қайтадан өңдеу арқылы құрылыс заттарын шығаруды армандаймын.

Он екі мүшесі сау кей азамат екі қолға бір күрек таба алмай ошарылып отырғанда, сезімі сергек Сергейдің ісіне тәнті боласыңдағы.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы,

Жарқайың ауданы.

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Карнегиде ән салады

Руханият • Бүгін, 10:21

«Хат қоржын» (27.06.2019)

Қоғам • Бүгін, 10:18

Арыс, біз біргеміз!

Аймақтар • Бүгін, 09:53

Апатта босанған ана

Аймақтар • Бүгін, 09:36

Газ құбыры құрылысы ойдағыдай

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Салық жүйесі жетілдіріледі

Экономика • Бүгін, 09:28

Зардап шеккендермен кездесті

Аймақтар • Бүгін, 09:27

Кемеңгерлік келбеті

Қазақстан • Бүгін, 09:23

Агросектордың әлеуеті қандай?

Қазақстан • Бүгін, 09:15

Апаттың алдын алу мүмкін бе еді?

Аймақтар • Бүгін, 09:13

«Егеменнің» еңбегі еленген күн

Қазақстан • Бүгін, 09:03

Әрі ақын, әрі жазушы

Руханият • Бүгін, 00:18

Ұқсас жаңалықтар