Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2018

Жеңімпаз қыздың қайырымдылығы көпке үлгі

171 реткөрсетілді

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алу керектігін айта келіп, «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деген болатын. Бұл ретте «Туған жер» бағдарламасы аясында Жамбыл өңірінде де бірқатар жобалар қолға алынып келеді.

Мәселен «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов, «Арайстроймаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Арман Еділбаев және өзге де азаматтар «Туған жер» бағдарламасы аясында 543 миллион теңгенің жұмысын жүзеге асыруда.

Сонымен қатар, Шу ауданының Белбасар ауылында Болат Сауранбаев құны 350 миллион теңге болатын спорт кешенінің құрылысын жүргізуде. Мұның барлығы да азаматтардың туған жерге тартуы, аталған бағдарламаның лайықты жүзеге асып келе жатқанының көрінісі.

Жуырда Тараз қалалық әкімдігінде өткен қайырымдылық шарасы кезінде «Туған жер» жобасы аясында кәсіпқой бокстан әйелдер арасында елімізден шыққан тұңғыш әлем чемпионы Фируза Шарипова аз қамтылған Жолдыбаевтар отбасына «Renault Iogan» автокөлігін сыйлап, көмек көрсетті. Шарипова көпшілікке екі салмақ дәрежесінде WIBA, WBC (silver), IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы ретінде танымал. Кәсіпкер болмаса да қайырымдылық қағидатын берік ұстанған қаршадай қыздың бұл әрекетіне көпшілік қуанды. Шара барысында Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов та Фирузаның бұл көмегі көпке үлгі екенін атап өткен еді.

Қайырымдылық жасау әрбір жағдайы келген адамның парызы. Адамшылық тұрғысынан да солай. Бірақ Фируза бұл қайырымдылықты өзін насихаттау үшін жасамағанын айтады. Қайта Елбасының «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде әрбір жағдайы келген азамат аз қамтылған отбасына көмек қолын созса екен дейді. Расында да өңірде қайырымдылыққа мұқтаж қаншама адам бар. Солардың жанына демеу, көңіліне медеу жандар көп болса, бұл да елдіктің көрінісі.

Ал автокөлік иесі атанған төрт баланың анасы Риза Сейілжанова үшін бұл күтпеген жағдай болыпты. Алайда екі бірдей мүмкіндігі шектеулі баланы өсіріп отырған ананың Фирузаға алғысы шексіз. Бүгінде Нұрасыл мен Ерасыл он бір жасқа келіпті. «Бұрын балаларды көтеріп жүре беретінмін. Қазір қиын. Бүгін көмек көрсетіп отырған Фирузға алғысым шексіз. Жеңістен жеңіске жете беруіне тілектеспін», дейді Риза ана. Сол жиынға қатысқан жүзуден Рио-де-Жанейро Паралимпиядасының чемпионы Зүлфия Ғабидуллина да ризашылығын білдірді. Ал далаға шығып, қала әкімі мен чемпион қыз автокөлік иесі атанған ананы көлікке алқалап мінгізгенде, қуанбаған жан қалмады деуге болады.

«Батаменен ел көгегер» дейді халқымыз. Жүрегі туған ел деп соққан Фируза Шарипованы бұл ретте «Туған жерге туың тік!» акциясын жалғаған азаматтар қатарынан көрдік. Көрдік те сүйсіндік. Оның қазақтың туын әлем алдында асқақтатар күні лайым көп болсын деп тіледік!

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Карнегиде ән салады

Руханият • Бүгін, 10:21

«Хат қоржын» (27.06.2019)

Қоғам • Бүгін, 10:18

Арыс, біз біргеміз!

Аймақтар • Бүгін, 09:53

Апатта босанған ана

Аймақтар • Бүгін, 09:36

Газ құбыры құрылысы ойдағыдай

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Салық жүйесі жетілдіріледі

Экономика • Бүгін, 09:28

Зардап шеккендермен кездесті

Аймақтар • Бүгін, 09:27

Кемеңгерлік келбеті

Қазақстан • Бүгін, 09:23

Агросектордың әлеуеті қандай?

Қазақстан • Бүгін, 09:15

Апаттың алдын алу мүмкін бе еді?

Аймақтар • Бүгін, 09:13

«Егеменнің» еңбегі еленген күн

Қазақстан • Бүгін, 09:03

Әрі ақын, әрі жазушы

Руханият • Бүгін, 00:18

Ұқсас жаңалықтар