Медицина • 21 Қыркүйек, 2018

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері қаралды

651 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сенатта «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңды іске асыру мәселелері бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен кездесу өтті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері қаралды

Шараны Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бір­ғаным Әйтімова ашты. Сенатор Мемле­кет бас­шысының 2014 жылғы 17 қаң­тар­дағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жол­дауында мүмкіндігі шек­теулі азаматтар жәрдемақы алумен қа­тар, өздерін қоғам мүшесі, пайдалы ең­бек­кер ретінде сезінуі үшін оларды белсен­ді өмірге тарту міндетін қойғанын атап өтті. 

Б.Әйтімова осы салада шешілуі тиіс не­гізгі мәселелерді айқын­дады. Атап айтқанда, мүгедектер­дің өмір сүруі­нің төменгі деңгейін, олардың қоғам­дық және саяси өмірге қатысуы, білім алуы, әлеуметтік-мәдени қажет­ті­ліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасалмағанын атады. Сондай-ақ сенатор инфрақұрылымның қолжетімсіз екеніне назар аударды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту күрделі мәселелердің бірі болып отыр. 

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі Мәди­на Әбілқасымова мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қам­­сыз­дандыру жүйесінің қызметі тура­лы депутаттарға ақпарат берді. Ұсы­ныл­ған ақпаратқа сәйкес қазіргі уақытта Қазақ­станда 670 мың мүгедек бар, оның ішінде 61,9% – еңбекке қабі­летті жас­та, 25,4% – зейнеткерлік жас­тағы адам­дар, 12,7% – 18 жасқа дейінгі балалар. 

М.Әбілқасымова 2012 жылы қа­был­­данған мүгедектердің құқығын қам­та­масыз ету және олардың өмір сапа­сын жақсарту бойынша жоспарды іске асыру туралы айтып өтті. Атап айт­қанда, осы жоспарды іске асыру үшін қаржыландыру көлемі 2014 жылдан бастап 7,6 есеге артып, 2017 жылы 5,4 млрд теңгені құра­ды, 2018 жы­лы 6,0 млрд теңге қарас­тырылған. Бірақ бейінді саланың мәлі­меттері бойынша жергілікті бюджет есебінен мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау төменгі деңгейде қалып отыр. 

М.Әбілқасымова мүгедектерді жұ­мыспен қамту мәселелері бо­йынша ақпарат берді. Сондай-ақ министр әлеу­меттік қызмет көрсету жүйелерін жаң­ғырту бойынша жұмыстардың негізгі бағыттары туралы хабарлады. 

«ШАНС» мүгедектерді оңалту ор­талығы» қоғамдық бірлестігінің ди­рек­торы Василий Шиманский өз баяндама­сында әртүрлі деңгей­де мүгедектігі бар адамдардың тех­никалық және кәсіби бағдар­­дағы ортақ бағдар­ла­маларға тиімді қол жеткізу құқықтарын іске асыру мүмкіндіктеріне тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі күні мүгедек жандарды жұмыспен қамту және оларды қайта даярлау бо­йынша қо­йылған міндеттерді шешу тетігі жоқ, олардың кез келген кәсіби жұмысқа психологиялық бейім­делуі мәселелері шешілмеген. В.Шиманскийдің пікірі бо­йын­­ша, мәселені шешу үшін зағип жан­дар­ға еңбек нарығында бәсеке­ге қабі­летті болуды, экономика­лық дербес­тікті, сондай-ақ қоғамға толықтай енуді қам­тамасыз ететін кәсіби даярлық орта­лықтарын ашу қажет. 

Кездесу нәтижесінде туын­да­ған ұсынымдар Парламент және тиіс­ті мемлекеттік органдардың жұ­мы­сында пайдаланылатын болады.