Әлем • 21 Қыркүйек, 2018

Танзанияда паром суға батып, 44 адам қаза тапты

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танзанияның Виктория көлінде паром суға батып, 44 адам қайтыс болды, деп хабарлайды РИА НОВОСТИ.

Танзанияда паром суға батып, 44 адам қаза тапты

Фото: ria.ru

Мванза қаласының облыстық комиссары Джон Монгелланың айтуынша, қазір құтқарушы топ өз жұмысын уақытша тоқтатты. Құтқару жұмыстары таң атысымен қайта жалғасатын болады. 44 адамның денесі табылып, қалған 37 зардап шегуші құтқарылған.

Паромда нақты қанша адам болғаны әзірге белгісіз. Тасымалдаушы транспорт жүзден астам адам мен 25 тонна жүк пен үш шағын қозғалыс құралдарын тасымалдай алатыны белгілі болды.

БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Танзания үкіметі суға батқандардың саны 200 адамнан асады деп  болжап отыр.