Әлем • 21 Қыркүйек, 2018

Вьетнам президенті Чан Дай Куанг көз жұмды

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вьетнам президенті Чан Дай Куанг қайтыс болды, деп хабарлайды tass.ru

Вьетнам президенті Чан Дай Куанг көз жұмды

Фото: tass.ru

Чан Дай Куанг Вьетнам уақыты бойынша таңғы 06:05-те ауруханада көз жұмды. 

«Президент ауыр дертпен күрескен болатын. Қаншама отандық және шетелдік медицинаның көмегіне жүгінсе де, дертінен айыға алмады», делінген Вьетнам орталық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

61 жасында дүниеден өткен Чан Дай Куанг 2016 жылдан бері Вьетнам елінің басшысы болып келді. Ол сайлау кезінде Ұлттық жиналыс депутаттарының 91% қолдауына ие болған болатын.