Медицина • 21 Қыркүйек, 2018

Қостанайда 11500 адам бірыңғай жиынтық төлем төлейтін болады

140 реткөрсетілді

Өткен жылы Қостанай облысында 322 000 адам зейнетақы қорына жарнасын төлемеген. Солардың арасынан биыл 285 000 адамның мәртебесі анықталды. Облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары үй-үй, аулаларды аралап жүріп, қалған 37 мың адамды да анықтады. Соның ішінде 11500 адам жеке малымен, өз ауласындағы шаруашылығымен күн көреді.

«Осылар Біріңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылады. Ал қалғандары студенттер, үй шаруасындағы әйелдер, Қазақстаннан кетіп қалғандар, жұмыссыздар болып шықты», - деді Облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Аида Хұсайынова. Облыстық «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының директоры Сәуле Аймұхамбетованың айтуынша, елімізде салық пен зейнетақы және медициналық сақтандыру жүйесіне қатыспайтындар үшін Біріңғай жиынтық төлем енгізілетін болады.

«Ол 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі. Ол төрт түрлі салықтан тұрады. 1айлық есеп көрсеткіші қалалықтар үшін, 0,5 айлық есеп көрсеткіші ауылдағылар үшін белгіленген. Оның 10 проценті – жеке табыс салығына, 20 проценті – әлеуметтік сақтандыруға, 30 проценті зейнетақы қорына, 40 проценті – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленеді. Ал бір айлық есеп көрсеткіші қазір 2405 теңге» деді Сәуле Аймұхамбетова.

Қысқасы, егер әлгі 11500 адам Біріңғай жиынтық төлем төлеуден бас тартса, олар ауырған жағдайда, «міндетті әлеуметтік медициналық қоры» есебінен тегін медициналық көмек ала алмайды, барлығын да өздері қалтасынан төлейтін болады. Ал төтенше жағдай бұған кірмейді. Мамандар брифингте біріңғай жиынтық төлемнен бас тартқан адамдарға көмектің басқа түрі әзірге жоқ екенін айтты.

 

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазқстан»

Қостанай

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Балқаш қол бұлғайды

Туризм • Кеше

ҰБТ тапсырушыларға кеңес (видео)

Қазақстан • 18 Маусым, 2019

Мишель Платини тұтқындалды

Футбол • 18 Маусым, 2019

Ұқсас жаңалықтар