Білім • 21 Қыркүйек, 2018

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

593 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін тегін оқытатын «English for Jastar» жобасының басталуы жарияланды. 

Шетелдік мамандар ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуды бастады

Жоба пилоттық режимде екі ай мерзімінде Қазақстанның 14 аймағының жүзеге асырылады.

Елбасы ағылшын тілін жан-жақты үйрену әлемдік деңгейдегі үрдіс екенін атап өтті. Біз және «Bolashaq» qaýymdastyģy жоғары білімді, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуде үлес қосуды мақсат тұтамыз. Сондықтан, «Жастар-Отанға» жастар саяси лагері аясында біз «English for Jastar» жобасын іске қостық», - деп «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының Төрағасы Данияр Сүндетбаев мәлімдеді.  

Жоба мақсаты - Қазақстан аймақтарында ағылшын тілінің білім деңгейін арттыру және ағылшын тілін меңгеруді қол жеткізімді ету. «Жоба аясында 84 ауылдық және аймақтық деңгейде 7000 мектеп оқушыларына ағылшын тілін үйрететін боламыз. Жобаға қатысуға ағылшын тілік жетік меңгерген 141 жас қызығушылық танытты», - деді «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек.

28 шетелдік және 140 астам жергілікті мамандар, солардың қатарында Олимпиада чемпионы, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Серік Сәпиев, 2018 жылдың қыркүйегінен қараша айына дейін 9-11 сынып оқушыларына ағылшын тілін қосымша түрде үйрететін болады. «Жобаның жұмыс тобы шетелдік еріктілерді іріктеумен мұқиятты түрде, аса жауапкершілікпен жете айналысты. Еріктілердің әрқайсысымен видеосұхбат жүргізіліп, олардың денсаулығы жайлы және ешбір криминалдық құқық бұзушылыққа қатысы жоқтығы туралы анықтама және құжаттар жиналды. Сонымен қатар, шетелдік еріктілердің жоғары білімі, балалармен жұмыс істеу және ағылшын тілін үйрету тәжірибесі барын растайтын құжаттар сұратылды», - деп атап өтті «Bolashaq» qaýymdastyģy атқарушы директоры Лаура Демесінова. Сонымен қатар, ол Жоба негізгі сабақ жоспарының орындалуына еш кедергі келтірілмейтіндей, тек қосымша уақытта өтетінін мәлімдеді.

Жоба ұйымдастырушылары - «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты және «Bolashaq» qaýymdastyģy. Жобаға академиялық қолдауды «Interpress» тілдік орталығы көрсетуде – оқушылар Oxford University Press (Англия) баспасының «Solutions» оқу құралдарымен оқитын болады. Бұдан басқа, Жобаға отандық және халықаралық компаниялар қолдау көрсетеді, солардың ішінде: «AIESEC», «Назарбаев Университеті» «Білім беру көшбасшылар орталығы» ЖШС, «Qazaq Air» АҚ, «Меломан HOME VIDEO» ЖШС,  ҚазҰУ, Қазақстандағы ішкі туризмді дамытуға бағытталған «4KZTours» американдық компаниясы, және «LingvaTen» тілдік мектебі.