Футбол • 21 Қыркүйек, 2018

Қайрат өз құрамын жария етті

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018/2019 жылғы маусымда футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсететін Алматының «Қайраты» айтулы жарыста қандай құрамда өнер көрсететінін жария етті.

Қайрат өз құрамын жария етті

Биылғы маусымда «Қайраттың» намысын мына футзалшылар қорғайды: Қақпашылар – Ринат Өмешев, Игита, Гордей Янов (барлығы да – Қазақстаннан), Дуду (Бразилия). Қорғаушылар – Эдсон, Ранжел, Диего (екеуі де – Бразилиядан),  Владислав Черномордов,  Дінмұхамбет Сүлейменов, Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Біржан Оразов (барлығы да – Қазақстаннан). Шабуылшылар – Джон Леннон (1994, Бразилия), Хоссейн Тайеби (Иран), Серік Жаманқұлов, Тайнан, Дәурен Тұрсағұлов және Шыңғыс Есенаманов (барлығы да – Қазақстаннан). Бас бапкер – Пауло Рикардо Фигуейра Силва (Бразилия).

Осы күнге дейін елшілік жарыстарда қарсылас шақ келтірмей, халықаралық додаларда табысты өнер көрсетіп жүрген «Қайрат» қарт құрлықтағы ең белді додаларда да дара шықты. Жерлестеріміз биылғы маусымда да мол олжаға кенеліп, жеңісті дәстүрді жалғастырамыз деп құлшынып отыр.   

 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ