Көпшілік алдында сөз сөйлеген аудан әкімі Бақыт Асанов жаңадан құрылған ауданға танымал боксшының келуі үлкен қуаныш екенін, жергілікті жерден мықты спортшыларды, кәсіпқой боксшыларды дайындап шығару үшін Қанат Ислам сияқты тұлғаларды насихаттау жалғасатынын атап өтті. Сондай-ақ аудан әкімі қазақ батырының астына тұлпар мінгізіп, үстіне шапан жапты. Қанат Исламмен бірге келген түйе палуан, «Қазақстан барысы» турнирінің жүлдегері Жұманазар Ерсұлтановқа да құрмет көрсетілді.
Қанат Ислам мақтааралдық жас боксшыларға ақыл-кеңесін айтып, мастер-класс өткізді. Ал Мақтаарал агроколледжінде студенттермен кездесіп, жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Түркістан облысы.