Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2018

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті

832 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2018 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «ParkAvenue 3-3» тұрғын үй кешені аумағында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті

Осы оқу-жаттығудың мақсаты биік ғимараттарда өрт пайда болған кезде шұғыл қызметтердің жедел ден қоюы бойынша іс-қимылдарын пысықтау болып табылады.

Бақылаушы ретінде Парламент Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне мүше депутаттар В.И.Олейник, А.А.Смағұлов, Б.С.Дүйсембинов қатысты.

Оқу-жаттығу ойына сәйкес құрылыс жұмысын жүргізу барысында кабельдік желілердің зақымдануынан кабельдік шахтадағы сымдардың тұйықталуы орын алды, кейін кабельдер жанып, соның салдарынан қою күйдіргіш түтін бөлініп, 5-қабаттан 18-қабатқа дейін таралды.

Объект күзеті өртті байқап, «101» телефон нөмірі бойынша өрт байланысының орталық пунктіне хабарлайды, ғимараттан адамдарды эвакуациялауға және де бір мезетте өртті өрт сөндірудің алғашқы құралдары арқылы өртті сөндіруге кіріседі.

Оқиға орнына  жоғары шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіру бөлімшелері және жол-патрульдік қызметінің ілесіп жүруімен шұғыл ден қою қызметтері жіберіледі. Оқиға орнына шұғыл жеткен Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері жай-күйді жедел бағалап, шешуші бағыттарды анықтайды және жедел түрде әскери өрістету, өртті сөндіру және зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын бастайды. ПИК (пәтер иелерінің кооперативі), өзара әрекет ету қызметтері өкілдерімен бірлесіп, өрт сөндіру штабы ұйымдастырылады және өрт сөндіру мен адамдарды құтқару бойынша учаскелер құрылады.

Бөлімше газ-түтіннен қорғау қызметі буынының құрамында барлау жүргізеді, іздестіруді тоқтатпастан, зардап шеккендерді құтқарады және адамдарды эвакуациялайды.

Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері улы газбен уланған және электр тоғы салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетеді, зардап шеккендерді жақын жердегі медициналық мекемелерге тасымалдайды.  Оған дейін Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы зардап шегушіні құтқарушының сүйемелдеуімен тігінен түсіреді. Қалалық электр желісі ғимарат пен аумақтағы электр энергиясын авариялық ажыратуды қамтамасыз етеді. «Астана Су Арнасы» МКК өртке қарсы сумен жабдықтауды үздіксіз жүзеге асырады.

Жедел ден қою қызметінің үйлесімділігі мен жедел іс-қимылы нәтижесінде жалпы аумағы 50 шаршы метрді құраған шартты жану сәтті жойылды.