Машина жасаудың маңызды мәселелері талқыланды

Жуырда елордадағы ЭКСПО Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушыларының VI форумы өтті. Форумды Қазақстан Республикасының Үкіметі және Бас серіктес «Самұрық-Қазына» АҚ-тың қолдауымен Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан машина жасаушылар одағы ұйымдастырды. 

Егемен Қазақстан
24.09.2018 1213
2

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты тақы­рыпта өткен басқосуда тек машина жасау саласының ғана өзек­ті мәселелері емес, барлық өң­деу өнеркәсібінің ірі жүйелі мәсе­лелері талқыланды.

Шара басында Үкімет бас­шы­сының бірінші орынбасары Асқар Мамин Президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың форум қатысушыларына арналған құт­тықтау сөзін оқып берді. Елба­сының құттықтау сөзінде: «Ма­шина жасау – экономиканың негізгі салаларының бірі. Мем­лекет бұл бағыттың орнықты дамуы үшін барынша қолдау көр­сетіп келеді. 2017 жылы машина жасау өнімінің көлемі 1 трлн теңгеге жуық болды. Биыл­ғы форумның негізгі идея­сы машина жасау саласындағы төртінші өнеркәсіптік революция, жаһандық технологиялық прогрестің қазіргі болмысына сәйкес келеді. Машина жасау ісі қарқынды дамып, жүргізушісі жоқ автокөліктер, роботтандырылған зауыттар және сутегі отынымен жүретін машиналар бүгінде озық елдер үшін үйреншікті құбылысқа айналды», делінген. Сондай-ақ Мемлекет басшысы аталған саланың сандық формат үдерісінен тыс қалмау керектігіне маңыз береді. «Машина жасау саласын дамытудың 2019-2030 жылдарға арналған кешенді жос­пары форумда талқыланатын маңызды тақырыптардың бірі болмақ. Жаһандық техно­ло­гиялық үдерістерге сай өндірісте жаңғыртуды көздейтін аталған бағдарламалық құжат саланы да­мытудың стратегиялық бағдарын айқындайды. Іс-шара аясында нәтижелі пікірталас болып, осы салада өзекті мәселелерге қатыс­ты нақты ұсыныстар әзірленеді деп сенемін», деді Н.Назарбаев.

Алқалы жиынды Қазақстан машина жасаушылары одағының басқарма төрағасы Мейрам Пі­шембаев жүргізді. «Біздің машина жасау саласында атқаратын жұ­мыстар ауқымды деуге болады. Саланың өнімдері өз мем­лекетімізге керекті құрал-жаб-

­дықтардың 25%-ін ғана қам­та­масыз етеді, ал қал­ған 75-%-і им­порттан келеді. Алды­мыз­ға қойып отырған мақ­сатымыз 2019-2030 жылдарға арнал­ған машина жасау саласын дамыту жоспары, өзіміздің ішкі өндірісті бірнеше есе ұлғайту. Биыл министрлік мемлекеттік қолдаудың тиісті қосымша шараларын жасау үшін жекелеген кәсіпорындарға Индустрия 4.0 элементтерін енгізу жобасын іске асыруда. 7 модельді цифр­лық фабрика, соның ішінде 3 ма­­шина жасау кәсіпорынымен жұ­мыс жасалды. Бұл «Кентау транс­­форматор зауыты» АҚ, «Ал­ма­ты желдеткіш зауыты» АҚ және «Карлскрона» ЖШС. Бұл кә­сіпорындарға техноло­гия­лық ау­дит жүргізілді, оның нәти­же­сінде цифрландыру бойынша жол карталары бекітіліп, іске асы­ру жұмыстары басталды», деді ол.

Форумда сөз алған Инвес­тициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің мәліметіне сүйенсек, елімізде 2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша жалпы құны 117,7 млрд теңге болатын 19 мыңнан аса автомобиль шығарылған. «Машина жасау саласы – индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының басым бағы­ты. 2018 жылдың 8 айының қоры­тындысы бойынша машина жасау өндірісінің көлемі 638,1 млрд теңгеден асып, өндірістің өсімі 13,8%-ті құрады. Автомобиль құрау машина жасау салалары арасында ең үлкен өсім қарқынын байқатты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге көп», деді министр.

Жиында ведомство басшысы атап өткендей, өндірістің қарқынды өсуіне нарықтағы сұраныстың артуы, экспорттық на­рықтардың ашылуы, сондай-ақ мемлекет тарапынан жеңіл­детілген автонесие мен лизингтік қаржыландыру бағдарламалары сеп болды. Бұл бағдарламалар автомобиль жасау секторының дамуына оң серпін берді. Егер 2017 жылы сатылған әрбір үшінші автомобиль отандық кәсіпорындарда шығарылған болса, 2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша сатылған әрбір екінші автомобиль отандық өндіріске тиесілі. 

Айта кетуіміз керек, биылғы форумға 20-дан астам елден 1000-ға жуық делегат келген. Атап айтқанда, жетекші отандық және шетелдік машина жасау кә­сіп­орындарының басшылары, ква­зимемлекеттік сектордың, даму институттарының, бизнес қа­уым­­дастықтар мен үкіметтік емес ұйым­дардың өкілдері алқа­лы жиында өз ойларын ортаға салды. 

Форум алдында Инвес­ти­ция­лар және даму министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, жұрт­ты отандық автокөлікке отыр­­ғызу мақсатында елде автонесиелендіру бағдарламасы іске қосылғанын мәлімдеген болатын. Р.Скляр атап өткендей, бүгінгі таңда халыққа жалпы со­масы 61 миллиард теңгені құрай­тын несие берілді. Бюджеттен бөлінетін бүкіл қаражат еселеп қайтарылады. Жалпы, машина жасау саласын дамытуға 110 миллиард теңге бөлінгенін айта кеткеніміз жөн.

Министр Ж.Қасымбек кел­тір­ген деректерге сүйенсек, автомобиль құрау машина жасау салалары арасында ең үлкен өсім қарқынын көрсетсе, темір жол машинасын жасауда да биылғы жылдың 8 айында 1000-нан аса жүк вагоны өндіріліп, көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,2%-ке артқан. Сондай-ақ 2018 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы техникасы секторының өндіріс көлемі 12 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,8%-ке ұлғайған. Өндіріс көлемдерінің өсуі «Агромашхолдинг» АҚ, «Комбайновый завод «Вектор» ЖШС, «Казахстанская агроинновационная корпорация» ЖШС-нда да байқалады.

Мемлекет машина жасау саласын қолдаудың бірқатар шараларын қабылдап келе жатыр. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы техникасын өткізуде қосымша құн салығынан босату, биыл бюджеттен комбайндар мен тракторлардың жеңілдетілген лизингіне қаражат бөлу қолға алынған. Одан бөлек, министрлік келесі жылы қосымша 3 млрд теңге бөлуді пысықтауда.

Форум аясында аталған салада нәтижелі еңбек етіп, өз ісімен көп үлгі болып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды. Бас шаһардағы Ботаникалық бақта машина жасаушылардың аллеясы ашылды. 

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Екатеринбургтағы жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті

21.02.2019

Жамбылда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

21.02.2019

Үкіметті уақытша басқару Асқар Маминге жүктелді

21.02.2019

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

21.02.2019

Елбасы Үкіметті таратты

21.02.2019

Н.Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

21.02.2019

Сенаторлар халықаралық келісімдерді ратификациялады

21.02.2019

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

21.02.2019

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулаушыларды ұстады

21.02.2019

Түркістан облысының өз футбол командасы құрылады

21.02.2019

Жайық өзені бойында ауқымды рейд өткізілді

21.02.2019

Биыл 65 мың ірі қара сатып алуға ақша бөлінеді

21.02.2019

Бас прокуратура өтемақы қорына өндіру тәртібін түсіндірді

21.02.2019

Қоғамға көмектесетін инклюзивті инновациялар

21.02.2019

Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу