Жекпе-жек • 24 Қыркүйек, 2018

Қайрат «қаһарына» мінді

92 реткөрсетілді

Индонезияның бас шаһары – Жакартада ережесіз жекпе-жектен One FC турнирі өтіп, сол жарыста Қазақстанның танымал спортшысы Қайрат Ахметов те өнер көрсетті

Аса жеңіл салмақта күш сынасып жүрген Қайраттың жүріп өткен жолы жанкүйерлердің көз алдында. Өзінің әр жеңісінен кейін «Қара жорға» билейтін қазақ жігіті ұзақ уақыт бойы жеңілістің кермек дәмін татқан емес. Осындай зор табысының арқасында One FС нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді де иеленді. 2017 жылдың жазы мен 2018 жылдың қысында ол бразилиялық Адриано Мораес пен филиппиндік Джехе Эустакиоға есе жіберіп, көңілімізді біраз құлазытқан еді. Міне, енді араға сегіз ай салып, айқас алаңына қайта оралған Ахметов Жакартада өткен жарыста қытайлық Ма Хао Бин ұпай санымен ұтты. Қазақстандық спортшының мерейі үстем болғанын төрешілердің барлығы да бірауыздан мойындады.   

Естеріңізге сала кетейік, 30 жастағы Қайрат Ахметов кәсіпқойлар арасында 2010 жылдан бері айқасып жүр. Сол аралықта 20 жекпе-жек өткізіп, 18 рет жеңіске жетті. 11 бәсекені ол мерзімінен бұрын аяқтады. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Кеше

Қаламның қарагері

Руханият • Кеше

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар